Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігі
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 229-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде қиылады
Корея Республикасы аумағында тұратын ҚР азаматтары некесін қиған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне келесі құжаттармен өтініш білдіруі тиіс:
(түпнұсқасы және 2- көшірме);
2 дана;
Неке қиюды тіркеу мерзімі
Некеге отыру туралы өтініш некені тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі. Мерзімнің саналуы өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге тұратын адамдардың қалауы бойынша неке қиюды тіркеу өтінішті берген күні жүзеге асырылады.
Заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат ұсынылады.
ҚР Елшілігі Консулдық бөлімінің қабылдау уақыты :
Сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерден басқа 9.00-ден 12.00-ге дейін