Меню

Страницы

Статья

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)! Құжаттар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы өкілдігіне штаттардың бөлінуіне сәйкес ұсынылуы керек (қызмет орны).

Консулдық алым – көзделмеген.

Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күн.

Азаматтарды қабылдау алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: ТІРКЕЛУ

Құжаттар тізімі: 

  • қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);
  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
  • қайтыс болған адамның әскери билеті (болған жағдайда);
  • қажет болған жағдайда жақын туысты растайтын құжат (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немес орыс тіліне аударылуға жатады.

qazconsulsf@gmail.com 

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
31 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Information
25 марта 2026
Obtaining Electronic Digital Signature (EDS) and Individual Identification Number (IIN)
Information
13 марта 2024
ISSUANCE, EXTENSION OF ENTRY AND TRANSIT VISAS THROUGH THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN TERRITORY
Information
13 марта 2024
LEGALISATION OF DOCUMENTS

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты
Constitution of the Republic of Kazakhstan