Қазақстан Республикасының Конституциясына, қос азаматтықты қарастырмайтын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу бойынша шешімдер Қазақстан Республикасының Президентімен қабылданады.
Құжат көшірмелері:
1. Тұрақты тұруға кету мөртабаны бар Қазақстан Республикасы төлқұжатының көшірмелері (19.03.2015-тен бастап ҚР көші-қон полициясы органдарынан хабарландыру) – 2 дана;
2. Туу туралы куәлік көшірмелері – 2 дана;
3. Неке куәлігінің көшірмелері – 2 дана;
4. Балаларының (16 жасқа дейін) туу туралы куәліктері – 2 дана;
5. Тіркеу көшірмелері (уақытша тіркеу, уақытша мекендеуге рұқсат, ықтияр хат) – 2 дана;
6. Туыстардың төлқұжаттары/жеке куәліктерінің көшірмелері (әке/ана, аға/әпке, жары/жұбайы, балалар) – 2 дана;
7. Кету парақшасының көшірмелері – 2 дана;
8. Көші-қон қартасының көшірмелері – 2 дана;
Құжат түпнұсқалары:
9. ҚР азаматтығынан шығуға жұбайы мен ата-анасының нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі – 2 дана;
10. Шет ел азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат;
11. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) бекітілген нысанда тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мағлұматтың жоқтығы немесе бар болуы туралы анықтама.
Толтырылған бланктер:
12 Қазақстан Республикасы Президентінің атына азаматтықтан шығу туралы өтінішті жазу(өтінішхат беру себептерін түсіндіру) – 2 дана., Бас консулдың атына өтініш - 2 дана.;
13. Белгіленген үлгідегі сауалнама-өтініш – 2 дана.;
14. Автобиография – 2 дана.;
15. 3,5 x 4,5 фотосуреттер – 4 дана.
Жас мөлшеріне тәуелсіз өтініш беруші жанұясының әр мүшесіне толық құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Соның негізінде әр отбасы мүшесіне жеке тұжырым шығарылады.
18 жасқа толмаған сондай-ақ, әрекет етуге қабілетсіз тұлғалардың шетелдік мекемемен куәландырылған азаматтықты өзгерту мәселелері бойынша өтінішхаттары баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен бірге (асырап алушылары, қамқоршылары мен тәрбиешілері жергілікті атқарушы органның шешімдерінің көшіресін ұсынады) немесе әрекет етуге қабілетсіз тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге олардың заңды өкілдерімен тапсырылады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ата-ананың немесе өзге заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) жазбаша өтінішіне 2 данамен шетелдік мекемеде куәландырылған жазбаша келісімдерін ұсынады.
Егер азаматтықтан шығуға баламен бірге ата-ананың біреуі өтініш еткен жағдайда, 2 данада басқа ата-ананың нотариалды куәландырылған келісімін ұсыну қажет. Егер азаматтықтан шығуға ата-ана балаларынсыз өтініш еткен болса, балаларының туу туралы куәліктерін ұсынуға қажеттілік жоқ. Сауалнамалар мен автобиографиялардың барлық даналары өтініш беруші өз қолымен қол қойып, өтініш берген күнді көрсетуі қажет.
Консулдық бөлім өтініш берушіден тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқылы.
Өтінішхатты қанағаттандырмаған жағдайда консулдық алым қайтарылмайды.
Өтінішхатты қарастыру мерзімі 1 жыл және одан артық уақытты құрайды.