Шымкент және Генуя қалалары арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылды

Меморандумға Генуя қаласы әкімінің жаңа кәсіпорындар құру жөніндегі кеңесшісі Д.Фалтери бастаған итальяндық делегацияның Шымкентке сапары барысында қол қойылды. Құжат сыртқы сауда, инвестиция, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым және білім, мәдениет, өнер және спорт сияқты салалардағы ынтымақтастықты қамтиды.
Сондай-ақ, меморандум түрлі кездесулер, бизнес-семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, салалық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге мүмкіндік береді.
Генуя – Италияның солтүстік-батысындағы Лигурия өңірінде орналасқан аса ірі портты және өнеркәсіптік қалалардың бірі.