Консулдық есеп
Көру саны:498
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.
Консулдық есептің түрлері:
- тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін;
- уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу, туристік сапар және т.б.).
Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады
- Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.
Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
- толтырылған тіркеу карточкасы.
Уақытша консулдық есепке тұру үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- толтырылған тіркеу картасы.
- Еркін нысандағы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады
- Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.
- қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
- портал арқылы – 1 жұмыс күн.
- Тегін
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Via Cassia 471, 00189, Рим қ-сы, Италия Республикасы
Телефон арқылы хабарласыңыз: (+39) 06 363 084 76 және / немесе электрондық пошта: consul.roma@mfa.kz, consolato.roma.kz@gmail.com.
14 желтоқсан 2023
26 мамыр 2025