
Жалпы мәлімет
Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 21 тамызда орнатылды.
1992 ж. қазанда Италияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
2021 ж. қыркүйек Италияның Қазақстандағы Елшісі М.Альберти.
1996 ж. Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі ашылды.
2021 ж. наурыздан бастап Қазақстанның Италиядағы Елшісі Е.Сембаев.
Саяси қарым-қатынастар
Жоғарғы деңгейдегі байланыстар
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Италияда ресми сапармен 1994 ж. қыркүйекте, 1998 ж. қыркүйекте, 2003 ж. ақпанда және 2009 ж. қарашада болды. Елбасының 2009 ж. сапары барысында Қазақстан мен Италия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Қазақстанда жауап сапарлармен Президент О.Л.Скальфаро (1997 ж. мамыр) және Министрлер Кеңесінің төрағалары болды (үш рет ресми сапармен: Романо Проди 1998 ж. қыркүйекте және 2007 ж. қазанда, Сильвио Берлускони 2008 ж. қазанда; төрт рет жұмыс сапармен: Сильвио Берлускони 2010 ж. желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуға, Марио Монти 2012 ж. наурызда және сәуірде, Маттео Ренци 2014 ж. маусымда (Бурабай кенті) Вьетнам мен Қытайға жасаған азиялық турне аясында).
2015 ж. 27 маусымда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «ЭКСПО-2015» дүниежүзілік көрмесі аясындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық күніне қатысу мақсатында Милан қаласында сапармен болып, Министрлер Кеңесінің Төрағасы М.Ренцимен қазақстан-италия бизнес-форумына қатысты.
Елбасы Н.Назарбаев Италияның Министрлер Кеңесінің төрағасымен халықаралық іс-шаралар аясында кездесулер өткізген (Энрико Леттамен – 2013 ж. 6 қыркүйекте Санкт-Петербургте «Үлкен 20» Саммиті аясында; Маттео Ренцимен – 2014 ж. 17 қазанда Миланда АСЕМ Саммитінде және 2016 ж. 17 маусымда Санкт-Петербургте Петербург халықаралық экономикалық форумда; Джузеппе Контемен – 2018 ж. 19 қазанда Брюссельдегі АСЕМ Саммиті аясында).
Парламентаралық ынтымақтастық
Италия Парламентінің Депутаттар палатасында және Қазақстанның Парламенті Мәжілісінде парламентаралық достық топтары құрылған. Парламентарилердің арасындағы байланыстардың нығаюына екі ел парламенттік делегацияларының сапарлары септігін тигізуде.
2018 ж. 5-6 маусымда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевтың Римге ресми сапары және оның аясында Италия Парламенті Сенатының төрағасы М.Э.Альберти Казеллатимен кездесуі өтті.
2019 ж. 13-15 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Г.Исимбаеваның Италияға жұмыс сапары және оның шеңберінде Италия Парламенті Сенаты мен Депутаттар палатасының вице-президенттері сәйкесінше П.Тавернамен және Ф.Рампеллимен кездесулері өткізілді.
2019 ж. 8-11 маусым кезеңінде Президенттің кезектен тыс сайлауына байқаушылар ретінде қатысу мақсатында (9 маусым) Италия Парламенті Депутаттар Палатасының Вице-Президенті Э.Розато бастаған заң шығарушы органының делегациясы Нұр-Сұлтан қаласында болды.
2019 ж. 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үлкен Еуразия: Сұхбат. Сенім. Әріптестік» Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің IV Кеңесіне Италия Парламенті Депутаттар палатасының Квесторы Э.Чириелли және депутат Э.Россини қатысты.
2020 ж. 26 қарашада Италия Парламенті Депутаттар Палатасының Квесторы және «Қазақстан-Италия» достық тобының төрағасы Э.Чириелли онлайн режимде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткен халықаралық парламенттік конференцияға қатысты.
2021 ж. 7-11 қаңтарда итальян парламентарилері А.Дельмастро Делле Ведове мен Дж.Руссо Қазақстандағы парламенттік сайлауға (10 қаңтар) байқаушылар ретінде қатысу үшін Нұр-Сұлтанда болды.
2021 ж. 8 маусымда Д.Мыңбай мен Э.Чириелли жетекшілік ететін «Қазақстан Республикасы – Италия Республикасы» парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі топ мүшелерінің онлайн кездесуі өтті.
2021 ж. 4-6 қарашада ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтің Римге ресми сапары және оның барысында Италия Парламенті Сенатының Төрағасы М.Э.Альберти Казеллатимен және Э.Чириелли бастаған «Қазақстан-Италия» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесулері болды.
Жоғары деңгейдегі байланыстар
1997 ж. ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Римде сапармен болды.
2010 ж. ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Палермода жұмыс сапармен болды.
2017 ж. 9-10 маусымда Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Б.Делла Ведованың ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу рәсіміне қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары өтті.
2019 ж. 27-28 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Римге жұмыс сапары болды.
2019 ж. 29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстаудың ресми рәсімі өтіп, ол іс-шараға Комитет мүшесі ретінде Италияның Сыртқы істер министрі (2002-2008 гг. и 2008-2011 гг.), Еуропалық Комиссияның вице-президенті (2004-2008 гг.), Италия Мемлекеттік Кеңесінің жанындағы мемлекеттік палатаның президенті және Еуразиялық зерттеулер институтының президенті Ф.Фраттини қатысты.
2019 ж. 13-14 қарашада Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары М.Ди Стефано Қазақстанға сапармен келді, оның барысында қазақстан-италия бизнес-форумына қатысты.
2019 ж. 12-14 желтоқсанда Рим қаласында өткен «Италия және Орталық Азия: өзара түсіністік, ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту» атты Халықаралық конференцияға қатысу үшін (13 желтоқсан) ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Көшербаевтың Римге сапары өтті.
2021 ж. 9 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Л.Ди Майомен онлайн режимінде кездесуі өтті.
2021 ж. 16 шілдеде Ташкент қаласында «Орталық және оңтүстік Азия» конфренциясының шеңберінде Министр М.Тілеубердінің Италия Сыртқы істер және халықаралық ынытымақтастық министрінің орынбасары
М.Ди Стефаномен кездесуі өтті.
Халықаралық іс-шаралар аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Италия Сыртқы істер министрі П.Джентилонимен 2015 ж.
3 желтоқсанда (Белград, ЕҚЫҰ СІМК), ҚР СІМ Қ.Әбдірахмановтың ИР СІМ А.Альфаномен 2017 ж. 10 қаңтарда (Нью-Йорк, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі) және 2017 ж. 8 желтоқсанда (Вена, ЕҚЫҰ СІМК), ҚР СІМ Қ.Әбдірахмановтың ИР СІМ Э.Моаверо Миланезимен 2018 ж. 7 желтоқсанда (Милан, ЕҚЫҰ СІМК) кездесулері өткізілді.