Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәліметтер

1994 ж. 30 сәуірде дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1995 ж. 13 желтоқсанда Ар-Рияд қаласында ҚР Елшілігі ашылды.

1997 ж. наурызда Астана қаласында САК Елшілігі ашылды.

2007 ж. 28 желтоқсаннан бастап Жидда қаласында ҚР Консулдығы жұмыс істейді, ол 2019 ж. 5 тамызда Бас консулдық мәртебесін алды.

2023 ж. ақпан айынан бастап САК-тың ҚР-дағы Елшісі Файсал Әл-Кахтани болып табылады.

2024 ж. сәуір айынан бастап ҚР-дың САК-тағы Елшісі Меңілбеков Мадияр Смәділұлы болып табылады.

 Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі байланыстар:

1994 ж., 2004 ж. және 2016 ж. – ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың САК-қа ресми сапарлары.

2000 ж. – САК Премьер-Министрінің екінші орынбасары - Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспекторы ханзада Сұлтан бен Әбделазиздің ҚР-ға сапары.

2017 ж. – ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың САК-қа жұмыс сапары.

2022 ж. 23-24 шілдесі – ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың САК-қа ресми сапары. Сапар аясында Мемлекет басшысы САК Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен, ИЫҰ Бас хатшысы Х. Тахамен, ИДБ Президенті М. Әл-Джассермен, САК Мемлекеттік инвестициялық қорының (PIF) Басқарушысы Я. Әл-Румайянмен, «Ajlan & Bros Holding Group» холдингтік тобының төрағасы А. Әл-Ажланмен және «Acwa Power» компаниясының төрағасы М. Абунайян, сондай-ақ САК іскер топтарының өкілдерімен Инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты.

2023 ж. 18-19 шілдесі – ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың ОА-ПШАМЫК саммитіне қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары. Саммит барысында Мемлекет басшысы САК Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен, ТР Президенті Э.Рахмонмен және Кувейттің Тақ мұрагері М. Ас-Сабахпен екіжақты келіссөздер жүргізді.

2024 ж. 3 желтоқсанда – ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «One Water Summit» саммитіне қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары. Сапар аясында Мемлекет басшысы САК Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен, Франция Президенті Э.Макронмен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің басшысы А.Бангамен кездесті.

 

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

1994 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың САК-қа ресми сапары.

1998 ж. және 2001 ж. – ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мамидің САК-қа жұмыс сапары.

2010 ж. – ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы И. Роговтың, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы М. Әлімбековтің және ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы О. Жұмабековтың САК-қа бірлескен сапары.

2012 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың САК-қа жұмыс сапары.

2014 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың САК-қа жұмыс сапары.

2016 ж. – САК Сыртқы істер министрі А.Әл-Джубейраның ҚР-ға ресми сапары.

2017 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әдірахмановтың САК-қа ресми сапары.

2017 ж. – САК Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Х. Әл-Фалихтың ҚР-ға жұмыс сапары.

2019 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың САК-қа жұмыс сапары.

2019 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровтың САК-қа жұмыс сапары.

2020 ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаевтың САК-қа жұмыс сапары.

2020 ж. – САК Спорт министрі Әдельазиз бен Турки Әл Саудтың ҚР-ға жұмыс сапары.

2021 ж. 26-27 қыркүйегі – САК Инвестиция министрі – ҚР-САК ҮАК-тың тең төрағасы Х.Әл-Фалих бастаған сауд делегациясының ҚР-ға сапары. Сапар барысында Х.Әл-Фалих ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен қабылданды, ҚР Премьер-Министрімен, ҚР Энергетика министрімен, ҚР Сауда және интеграция министрімен, ҚР ИИДМ, ҚР ЦДИАӨМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның басшыларымен және т.б. келіссөздер жүргізді. Сапар аясында ҚР-САК ҮАК-тың 5-ші отырысы және Қазақстан-сауд инвестициялық форумы өтті.

2022 ж. 6 маусымы – САК Сыртқы істер министрі Ф.Фарханның ҚР-ға ресми сапары. Сапар аясында Ф.Фарханды ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов қабылдады, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен келіссөздер жүргізді.

2022 ж. 6-8 қыркүйегі – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің «ОА-ПШАМЫК» бірінші министрлік кездесуіне қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2022 ж. 14-15 қыркүйегі – САК Ислам істері, уағыз және насихат министрі Ә.Аш-Шейхтің ҚР-да әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезінің жұмысына қатысу үшін жұмыс сапары.

2022 ж. 26-27 қыркүйегі – САК Қажылық және умра министрі Т. Әл-Рабияның ҚР-ға жұмыс сапары.

2023 ж. 1 наурызы – ҚР Энергетика министрі Б. Ақшолақов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның төрағасы А.Сатқалиевтің САК-қа жұмыс сапары.

2023 ж. 8-9 наурызы – АХҚО-ның Басқарушысы Р.Бектуровтың САК-қа жұмыс сапары.

2023 ж. 12 маусымы – ҚР Энергетика министрі А.Сатқалиевтің САК-қа жұмыс сапары.

2023 ж. 16-17 тамызы – САК Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі А.Әл-Фадлидің в ҚР-ға жұмыс сапары.

2023 ж. 10-11 қарашасы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Палестина мәселесі бойынша АМЛ мен ИЫҰ-ның төтенше бірлескен саммитіне қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.  

2023 ж. 19-20 желтоқсаны – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің ҚР мен САК-тың ҮАК-тың 6-шы отырысына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары. ҮАК шеңберінде Қазақ-сауд инвестициялық дөңгелек үстелі, сондай-ақ екі ел бизнесінің 100-ден астам өкілінің қатысуымен ҚР-САК іскерлік кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы САК Инвестиция министрі Х.Әл-Фалихпен, «ACWA Power» компаниясының төрағасы М.Абунайянмен және ИДБ Президенті М.Әл-Джассермен екіжақты келіссөздер жүргізді.

2024 ж. 8-11 қаңтары – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаевтың «Future Minerals Forum» іс-шарасына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 26 ақпаны – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Женева қаласында өткен БҰҰ-ның жаһандық алаңы аясындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 55-сессиясының жоғары деңгейлі сегментіне қатысу барысында Фейсал бен Фархан Әл Саудпен келіссөздер жүргізді.

2024 ж. 4-5 наурызы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің палестин халқына қарсы израильдік агрессияны талқылау жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше отырысына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 6-7 наурызы – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусиннің «Leap Digital Forum» форумына қатысу мақсатындағы САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 7 наурызы – САК Энергетика министрі Абделазиз бен Салман Әл Саудтың ҚР-ға жұмыс сапары.

2024 ж. 26-30 сәуірі – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н.Байбазаровтың ИДБ-ның мерейтойлық кездесуіне қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 27-29 сәуірі – ҚР Энергетика министрі А.Сатқалиевтың БЭФ-тің арнайы сессиясына қатысу үшін жұмыс сапары.

2024 ж. 28-30 мамыры – АХҚО-ның басқарушысы Р.Бектұровтың «ОА-ШАМЫҚ» инвестициялық форумына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 1-3 маусымы – ҚР Энергетика министрі А.Сатқалиевтың Сауд Арабиясына «ОПЕК+» ұйымының 37-ші министрлік кездесуіне қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 10-12 қарашасы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Палестина мен Ливанға қарсы израильдік агрессияны талқылау мақсатында АМЛ – ИЫҰ төтенше бірлескен саммитіне қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 10-13 қарашасы – ҚР Әділет министрі А.Есқараевтың халықаралық дипломатиялық форумға қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 28-30 қарашасы – АХҚО-ның басқарушысы Р.Бектұровтың «WIC28» инвестициялық форумына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2024 ж. 2-16 желтоқсаны – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің «COP16» конференциясына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2025 ж. 13-15 қаңтары – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаевтың «Future Minerals Forum» форумына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2025 ж. 7-8 наурызы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Палестина мен Сириядағы жағдайды талқылау жөніндегі ИЫҰ-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше отырысына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2025 ж. 14-17 сәуірі – САК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қадағалау жөніндегі басқарманың басшысы Мазин Әл-Кахмустың ҚР-ға сапары.

2025 ж. 12 мамыры – ҚР ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаевтың САК-қа сапары.

2025 ж. 22-25 қарашасы – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаевтың UNIDO Бас конференциясының 21-ші сессиясына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

 2025 ж. 17-18 желтоқсаны – ҚР Ішкі істер министрі Е.Сәденовтың САК-қа ресми сапары.

2026 ж. 13-15 қаңтары – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаевтың «Future Minerals Forum» іс-шарасына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2026 ж. 8  ақпаны – ҚР ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаевтың «World Defense Show» іс-шарасына қатысу үшін САК-қа жұмыс сапары.

2026 ж. 17 ақпаны – ҚР Сыртқы істер министрі Е. Көшербаевтің САК-қа ресми сапары. Ресми делегация құрамында сондай-ақ ҚР Энергетика министрі Е.Ақкенженов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ төрағасы Н.Жақыпов болды.

2026 ж. 24-27 ақпаны – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаевтың САК-тағы Жидда қ. сапары.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

1997 ж. 20-25 желтоқсан – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы О.Байгелді бастаған қазақстандық парламенттік делегацияның САК-қа сапары.

1998 ж. 16-21 қыркүйек – САК Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Шейх Ибрагим бен Джумейрдің ҚР-ға сапары.

2006 ж. 12-14 маусым – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Н.Әбіқаевтың САК-қа жұмыс сапары.

2006 ж. 14-16 қыркүйек – САК Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Шейх Салех бен Абдалланың Қазақстан Парламенті Сенаты ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысу үшін ҚР-ға сапары.

2012 ж. ақпан – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Мәми бастаған қазақстандық парламенттік делегацияның «G20» елдері спикерлерінің 3-ші консультативтік кездесуіне қатысу үшін САК-қа сапары.

2014 ж. 25-26 қыркүйек – САК Консультативтік кеңесінің төрағасы Шейх Абдулла Аль-аш-Шейх Астанаға ресми сапармен келді, онда оны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.

2015 ж. 24 қаңтар – Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың САК-қа Король Абдалла бен Әбделазизді жерлеу рәсіміне қатысу үшін жұмыс сапары.

2017 ж. 8-9 желтоқсан – САК Консультативтік кеңесінің «Қазақстан-Сауд Арабиясы» парламентаралық достық тобы мүшелерінің Астанаға сапары. Делегацияны Қазақстанмен достық тобының басшысы Ахмад әл-Гамди басқарды.

2019 ж. 23-24 қыркүйегі – САК Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Ә.Аш-Шейхтің Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін ҚР-ға жұмыс сапары.

2021 ж. 17-23 қазаны – САК Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Ә.Аш-Шейхтің ҚР-ға ресми сапары. Сапар барысында Ә.Аш-Шейх ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен қабылданып, ҚР мен САК арасындағы достық қарым-қатынастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағаларымен келіссөздер жүргізді.

2025 ж. 13-15 сәуірі – ҚР Парламент Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың САК-қа ресми сапары.

2025 ж. 14-17 қырқүйегі – Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Мұхаммед әл-Исаның ҚР-ға ресми сапары, сондай-ақ VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуы. Сапар барысында М.әл-Иса ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен қабылданып, әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты төрағасымен келіссөздер жүргізді.

2025 ж.14-15 желтоқсан – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д.Қыдыралінің БҰҰ Өркениеттер альянсы (UNAOC) іс-шарасына қатысу үшін САК-қа сапары.

Сауд тарапынан Қазақстан-сауд парламенттік достық тобының тең төрағасы – М.Әл-Жарбаа, ал Қазақстан тарапынан – А. Сырым болып табылады.

 

Көпжақты ынтымақтастық

Сауд тарапы Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында толықтай қолдау көрсетті, сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылды.

Тараптар БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде белсенді өзара қолдау көрсетеді.

Ар-Рияд алғашқы күннен бастап Қазақстанның Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Сауд Арабиясы Үкіметі мен Дүниежүзілік ислам лигасының өкілдері 2003, 2006, 2009, 2012, 2015, 2018, 2022, 2025 жж. өткен барлық съездердің жұмысына үнемі қатысуда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Екіжақты қарым-қатынастар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары