GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Все материалы
15 октября 2026
OQ STARTUP қандас жастарға арналған үздік жоба байқауы

ЕРЕЖЕСІ

  1. Байқауға 15-30 жас аралығындағы шетел азаматы болып табылатын ұлты қазақ отандастар қатыса алады;
  2. Байқауға 15-30 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтары қатыса алады. Қатысушы жоба туралы ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазбаны немесе 10 слайдтан аспайтын презентацияны Oqbaiqau@gmail.com эл-поштасына шетел паспорты немесе туу туралы куәлігімен қоса өзі туралы ақпаратты (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын университеті мен курсы, жасы) 30 қазан 2026 ж. Дейін жіберуі керек;
  3. Бейнежазба немесе презентацияда жобаның сипаттамасы, мақсаты, ерекшеліктері мен күтілетін нәтижесі туралы нақты көрсетілуі керек;
  4. Қатысушы жұмысын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram, Telegram) және ресми сайтында жұмысының жариялануына келісім береді.

 

МАРАПАТТАУ

1-орын: «Киелі Қазақстан» жобасына қатысуға жолдама, ноутбук, диплом.

2-орын: Планшет, диплом.

3-орын: Смарт-сағат, диплом.

Ынталандыру сыйлығы: «Бестемше» үстел ойыны.

 

Ереженің толық нұсқасын сайттан қараңыз https://oq.gov.kz/

09 октября 2026
Автокөлікті сату бойынша ашық аукцион өткізу туралы хабарландыру

Сауда-саттықты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі, заңды мекенжайы: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2 – автокөлікті сату бойынша ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.

Аукционды өткізу тәсілі: бағаны көтеру әдісі.

Аукционның өткізілетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 27 қазан, сағат 11:00, Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010.

Сатылатын мүлік туралы мәліметтер (лот)

№ 1 лот

Жеңіл автокөлік

Маркасы мен моделі: BMW 520

Түсі: қара

Шығарылған жылы: 2014

Жүрген жолы: 169 136,00 км

Қозғалтқышының көлемі: 1997 см³, бензин

Жалпы техникалық жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қосымша қаражат салуды қажет етеді.

Бастапқы бағасы: 6 100,00 еуро (алты мың бір жүз еуро 00 цент).

Кепілдік жарна (бастапқы бағаның 15%-ы): 915,00 еуро (тоғыз жүз он бес еуро 00 цент).

Аукцион бағасын көтеру қадамы (бастапқы бағаның 5%-ы): 305,00 еуро (үш жүз бес еуро 00 цент).

Аукционға қатысу шарттары және өтінімдерді беру тәртібі

  1. Аукционға белгіленген мерзімде өтінім берген және кепілдік жарнаны төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
  2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010.
  3. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 23 қазан, сағат 18:00-ге дейін.
  4. Ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.
  5. Аукцион жеңімпазы төлеген кепілдік жарна автокөліктің сатып алу құнына есептеледі. Қалған қатысушыларға кепілдік жарна 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
  6. Аукционға қатысу үшін ұйымдастырушының мекенжайына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
  7. Белгіленген үлгідегі өтінім.
  8. Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және Латвия Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат.
  9. Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.
  10. Аукционға қатысушылар кепілдік жарнаны төлегенге және өтінім бергенге дейін осы хабарландырумен, шарт жобасымен мұқият танысуға және автокөліктің техникалық жай-күйін қарап шығуға міндетті. Қатысушылар автокөлікті жақсартуды, өзгертуді немесе жөндеуді, сондай-ақ автокөлікті қайта тіркеуге немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты қандай да бір салықтардан, алымдардан және өзге де шығыстардан босатуды талап етуге құқылы емес.
  11. Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі және оның төлеген барлық төлемдері, оның ішінде кепілдік жарнасы қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аудару үшін алынатын банктік комиссия аукцион қатысушыларына қайтарылмайды. Аукцион барысында қатысушылардың өзара сөз байласуына (bid rigging), сондай-ақ сауда-саттықтың өтуіне заңсыз араласудың кез келген өзге түрлеріне қатаң тыйым салынады.

Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері

Алушы: Қазақстан Республикасының Елшілігі

Мекенжайы: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010

Есеп айырысу шоты (IBAN): LV61UNLA0055001369902

Алушының банкі: SEB Banka

SWIFT/BIC: UNLALV2X

Төлем мақсаты: № 1 лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Сатып алушының міндеттері және автокөлікті алу тәртібі

Ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін дереу аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюға міндетті.

Сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде автокөліктің толық құнын (бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып) аударуға міндетті.

Меншік құқығын қайта ресімдеуге, салықтарды (әкімшілік алымдарды), кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге қатысты барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде өз есебінен өтейді.

Мүлікті қарап шығу және байланыс ақпараты

Автокөліктің техникалық жай-күйімен, құжаттар топтамасымен танысуға, сондай-ақ өтінім бланкісін алуға мына мекенжай бойынша болады:

Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010.

Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Анықтама телефондары: (+371) 673-24-223, +371 28 665 394

Электрондық пошта: riga@mfa.kz

Екіжақты қарым-қатынастар
01 октября 2026
Қазақстан мен Латвия дипломатиялық диалогты жалғастыруда

2026 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан, Рига қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңадан тағайындалған басшыларымен - Мемлекеттік хатшының орынбасары - Саяси директор Юрис Пойканс және Екіжақты қатынастар дирекциясының Бас директоры Каспарс Озолиньшпен кездесті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Латвия арасындағы екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ стратегиялық диалогы аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Көлік және логистика, сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы нақты бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан-Латвия қатынастарына қосымша серпін беру мақсатында оның ішінде ресми және іскерлік делегациялар алмасу арқылы күш-жігерді жандандыруға уағдаласты.

26 сентября 2026
Латвия қазақстандықтармен бірге аза тұтуда.

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі қазақстандық әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтып, қаралы күні қасымыздан табылып, олардың рухтарына тағзым еткен Латвияның барлық тұрғындарына шынайы ризашылығын білдіреді.

09 сентября 2026
Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ (2026 жылғы 8 қыркүйек)

Біз, Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Cыртқы істер министрлері (бұдан әрі – ОАЯҚАА туралы шарт), Семейде ОАЯҚАА туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай,

адамзаттың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі ортақ мақсатына деген бейілдігімізді растай отырып және ядролық қаруды кез келген қолданудың немесе сынаудың апатты гуманитарлық салдарын сезіне отырып,

ядролық қарудан азат аймақтарды құру ядролық қарудың таралуының алдын алудың және жаһандық қарусыздану процесін нығайтудың ең күшті әмбебап құралдарының бірі екенін атап көрсетіп,

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырда Орталық Азияда даму мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңыздылығын атап өтіп,

Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру идеясы алғаш рет Өзбекстан Республикасы тарапынан 1993 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 48-сессиясында ұсынылғанын еске сала отырып,

Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру өңір елдерінің күш-жігерін шоғырландырудың табысты үлгісі екеніне сенімді бола отырып және бұл ядролық қаруды таратпау режимі мен ядролық қарусыздану процесін, өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және радиоактивті ластанудан зардап шеккен аумақтарды экологиялық сауықтыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болғанын атап көрсетіп,

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына отыз бес жыл толуын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қою үшін ашылғанына отыз жыл толуын құптай отырып, сондай-ақ планетаның барлық өңірлеріндегі ядролық жарылыстар мен олардың салдарынан зардап шеккен көптеген құрбандардың рухына тағзым ете отырып,

төмендегіні мәлімдейміз:                                                                                 

  1. 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы қол қойған өзінің тарихи маңызы зор ОАЯҚАА туралы шартқа деген бейілділігімізді тағы да растаймыз. Өңірде қауіпсіздікті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылған Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі бола отырып, сондай-ақ Солтүстік жарты шарда толығымен орналасқан және ядролық қаруға ие екі мемлекетпен тікелей шектесетін алғашқы әрі жалғыз осындай аймақ болып қала отырып, Семей шарты жаһандық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуда маңызды рөл атқаруын жалғастырып, Орталық Азияның бір кездері ядролық қару белсенді түрде сыналған және орналастырылған өңірден ядролық қарусыздандыру жөніндегі жаһандық күш-жігер көшбасшыларының біріне айналуының символдық үлгісі ретінде қызмет етеді.                                        
  2. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) ядролық қарудың таралуын болдырмауға және түптеп келгенде оны толық жоюға бағытталған халықаралық күш-жігердің іргетасы ретіндегі шешуші рөлін растаймыз. Осыған байланысты ЯҚТШ-ға қатысушы мемлекеттердің Он бірінші шолу конференциясының мазмұнды қорытындылар қабылдамай аяқталғанына өкініш білдіреміз. Бұл ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сақталып отырған келіспеушіліктер мен сенім тапшылығын көрсетеді. ЯҚТШ-ның барлық қатысушыларын өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш тірек – ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша міндеттемелерді тиімді жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді адал ниетпен жалғастыруға шақырамыз.
  3. Жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін шұғыл және бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер тұрғысында ЯҚТШ-ның 6-бабына сәйкес ядролық қарусыздану саласында айтарлықтай ілгерілеудің болмауына, сондай-ақ ядролық арсеналдарды жаңғыртуға бағытталған алаңдатарлық үрдіспен ұштасқан қару-жарақты бақылау саласындағы негізгі келісімдердің қолданылуының тоқтатылуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Бұл ретте ядролық қаруға ие мемлекеттердің ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерді жүргізудегі ерекше жауапкершілігін атап өтеміз және ядролық қару-жарақ жарысының алдын алу мақсатында тексеруге болатын қару-жарақты бақылаудың жаңа тетіктерін шұғыл әзірлеуге шақырамыз.
  4. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ЯҚТШ ережелерін іске асыру, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу және Агенттікке мүше мемлекеттердегі ядролық бағдарламаларға кепілдіктер мен бақылауды қолдану жөніндегі қызметін міндетті түрде қолдайтынымызды мәлімдейміз.
  5. 2026 жылғы 24 қыркүйекте қол қою үшін ашылғанына тура отыз жыл толатын Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) мүмкіндігінше тезірек күшіне ену қажеттігін нық қолдаймыз. Осыған байланысты ядролық сынақтар өткізуге қарсы халықаралық норманы сақтау және одан әрі нығайту қажеттігін атап өтеміз және осы норманы бұзуы мүмкін кез келген әрекеттерден қалыс қалуға шақырамыз.  Қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша ақпараттандырудың бейбітшілік, сенім және жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап көрсетеміз және жастарды қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға тартудың ерекше маңыздылығын атап өтеміз. Қырғыз Республикасы бастамашылық еткен, жыл сайын 5 наурызда – ЯҚТШ күшіне енген күні символдық түрде атап өтілетін Қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі ақпараттандырудың халықаралық күнін, сондай-ақ онымен байланысты өңірлік білім беру бастамаларын одан әрі ілгерілетуді қолдаймыз.                                                                                                                Осыған байланысты БҰҰ-ның Қарусыздану және таратпау саласындағы ақпараттандыру мәселелері жөніндегі зерттеуінде, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының қарусыздану саласындағы «Біздің ортақ болашағымызды қамтамасыз ету: қарусыздану саласындағы күн тәртібі» (Securing Our Common Future: An Agenda for Disarmament) атты күн тәртібінде қамтылған ұсынымдардың өзектілігін атап өтеміз.
  1. 2014 жылғы 6 мамырда ядролық қаруға ие мемлекеттердің ОАЯҚАА туралы шартқа Теріс қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі хаттамаға қол қоюын және оның төрт ядролық держава тарапынан ратификациялануын құптаймыз және Америка Құрама Штаттарының Хаттаманы ратификациялау процесін мүмкіндігінше тезірек аяқтайтынына үміт білдіреміз.
  2. Жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық күш-жігерді біріктіру мақсатында ОАЯҚАА туралы шартты институционалдық дамытуға және ядролық қарудан азат қазіргі аймақтармен әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдіреміз. Осы тұрғыда Африканың атом энергиясы жөніндегі комиссиясымен (АФКОНЕ) және Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттікпен (ОПАНАЛ) Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуын, сондай-ақ 2024 жылғы 28–29 тамызда Астанада Қазақстанның төрағалығымен ядролық қарудан азат барлық қазіргі аймақтар өкілдерінің екінші кездесуінің өткізілуін оң бағалаймыз.
  3. Орталық Азиядағы орнықты даму мен тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың жоғары маңыздылығын атап өтеміз, сондай-ақ ортақ сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте бұдан әрі де тығыз өзара іс-қимыл жасау ниетімізді растаймыз.
  4. Қазіргі уақытта ядролық қарудан азат аймақтар жоқ өңірлерде, соның ішінде Таяу Шығыста осындай жаңа аймақтарды құру жөніндегі күш-жігерді қолдаймыз.
  5. БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт» қарарының қабылдануын, сондай-ақ 2024 жылғы 5 желтоқсанда Түрікменстанның төрағалығымен Ашғабат қаласында Шартқа қатысушы мемлекеттердің ядролық қарудан азат басқа да қазіргі аймақтардың және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мерейтойлық кеңестің өткізілуін құптаймыз.
03 сентября 2026
Тараптар Қазақстан-Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі

2026 жылғы 2 қыркүйекте Рига қаласында Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвияның Ауыл шаруашылығы министрі Улдис Аугулиспен кездесуі өтті.

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарының өзекті мәселелері, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысының хаттамасын іске асыру барысы талқыланды.

2026 жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы өзара сауда көлемінің 4,2%-ға өсіп, 85,5 миллион АҚШ долларын құрағандығына тараптар қанағаттанушылық білдірді.

Сұхбат барысында Қазақстан-Латвия кәсіпорындарын құрудың ең перспективалы бағыттары сүт және сиыр еті шаруашылығы, азық-түлік өндірісі, балық шаруашылығы, азық-түлік сақтау және тасымалдау, логистикалық хабтарды дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту болып табылатындығы атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты әріптестікті одан әрі тереңдетуге және талқыланған барлық бағыттар бойынша байланыстарды кеңейтуге деген ұмтылыстарын растады.

19 августа 2026
Қазақстан мен Латвия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Рига, 2026 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Д.Кәріповтің Латвияның Денсаулық сақтау министрі Х.Абу Меримен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы тікелей әріптестікті дамыту, медицина мамандары арасында тәжірибе алмасу, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың басқа да перспективалық бағыттарына ерекше назар аударылды.

Осы тұрғыда Қазақстандық дипломат денсаулық сақтау саласындағы екіжақты байланыстарды жандандыру мақсатында екі елдің денсаулық сақтау министрліктері арасында ведомствоаралық Келісім жасасудың маңыздылығын атай отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомствоаралық екіжақты келісімнің жобасын табыс етті.

Өз кезегінде Х.Абу Мери Қазақстанмен денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Латвия ынтымақтастығын практикалық мазмұнмен толықтыруға және екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы тікелей байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Тараптар ведомствоаралық келісім жобасын егжей-тегжейлі пысықтау және ынтымақтастықтың практикалық бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан мен Латвия денсаулық сақтау министрліктерінің жауапты өкілдері арасында онлайн-кездесу өткізу туралы уағдаласты.

13 августа 2026
Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын cайлау туралы ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2026 жылғы 23 тамыз (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 468 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді (толық ақпарат: www.election.gov.kz)

18 жасқа толған әрбір Қазақстан азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар. Бұл құқықты жүзеге асырудың кепілі - сайлаушылар тізімдерінде сіздің деректеріңіздің болуы.

Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің жанындағы № 468 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Латвияның аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорттары бар Қазақстан азаматтары енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Латвия аумағында орналасқан Қазақстан азаматы сайлаушылар тізіміне ену үшін «Құрылтай» деген белгісі бар өзінің деректерін (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы) алдын ала келесі электрондық поштасына: rigaconsulate@mfa.kz  жіберуі қажет.

Сайлаушылар тізімінде тіркелгеніңізді тексеру үшін, сондай-ақ басқа да сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарға хабарласуға болады: +371 672 43 028, +371 231 777 63

01 июля 2026
Қазақстандық жас таланттар Латвия мәдениетімен танысты

Юрмала, Латвия - 1 шілдеде Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің қолдауымен «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қорының директоры  Ханзада Есенова ұйымдастырған «Өнер арқылы мәдени әртүрлілік» жазғы лагерінің салтанатты жабылуы өтті.

Қазақстаннан келген дарынды балалар Латвияның тарихи, мәдени және көркем мұрасының негізгі нысандарын аралады. Жобаның басты ерекшелігі-көрнекті орындар интерактивті білім беру алаңдары болды, онда Латвияның танымал мамандары жас суретшілерге арналған эксклюзивті шеберлік сыныптарын өткізді.

Жабылу салтанатына қатысқан Юрмала қаласының мэрі Янис Лединьш Қазақстан мен Латвия арасындағы одан әрі шығармашылық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, өткен арт-лагерьді жоғары бағалады.

08 июня 2026
Қазақстан делегациясы Ригада ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысына қатысты

2026 жылғы 6 маусым, Рига – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл бастаған Қазақстан делегациясы 2026 жылғы 5-7 маусым аралығында Ригада өткен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысы мен Бизнес-форумына қатысты.

Іс-шара аясындағы негізгі оқиғалардың бірі Қазақстанға арналған «Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» сессиясы болды. Осы тақырыпта Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейл, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев баяндама жасады. Олар мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары мен шетелдік инвестицияларды тартудың институционалдық жағдайларын егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін цифрландырудың жоғары деңгейі мен адами капитал сапасына, елдің жаңа экономикалық өсу «нүктелеріне» тоқталды.

Делегацияның Ригадағы іс-шараларға қатысуының практикалық нәтижесі ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімнің ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты Техникалық ынтымақтастық шоты туралы қосымша келісіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Серіктестіктің негіздемелік келісіміне қол қою болды.

Өткен кездесулер мен баяндамалар Қазақстанның ЕҚДБ-нің сенімді серіктесі ретіндегі мәртебесін растауға арналған және ол елдің экономикасына инвестиция тартуға ықпал етпек.

Іс-шараға 77 елден Банк жүйесінде жұмыс істейтін 2000-нан астам қатысты, оның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, орталық банк басшылары, қаржы министрлері, халықаралық бизнес және азаматтық қоғам өкілдері болды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары