Қазақстандық «Абай» ақпараттық орталығы Латвия университетінің Академиялық кітапханасында – Латвияның ең көне кітапханасында орналасқан.
Орталықтың салтанатты ашылуы 2019 жылы өтті.
Орталыққа қазақтың ұлы ақыны, ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, гуманист және ағартушы Абай Құнанбаевтың есімі (1845-1904) берілген.
Орталықта заманауи қазақстандық авторлардың көркем, тарихи және ғылыми-көпшілік әдебиеті ұсынылған. Латыш, орыс және ағылшын тілдеріне аударылған Абай шығармалары ерекше орын алады.
Орталыққа келушілер қазақ халқының бай және ерекше мәдениетімен, дәстүрлерімен және тарихымен, оның бастаулары мен заманауи жетістіктерімен жақынырақ танысуға жақсы мүмкіндікке ие.
Орталық жұмыс істеген үш жыл ішінде онда көптеген түрлі іс-шаралар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, поэтикалық кештер, қазақ диаспорасы өкілдері мен студент жастардың кездесулері өткізілді.
Орталықтың басшысы Латвия университеті Академиялық кітапханасының директоры, филология ғылымдарының докторы Вента Коцере болып табылады, ол екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға және Абайдың шығармашылығын Латвияда танымал етуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасына ие болды.
Қазақстандық «Абай» ақпараттық орталығының есігі барлық тілек білдірушілер үшін ашық.
Келуді ұйымдастыру мәселелері бойынша байланыс: Илзе Гарда (+371 29895722) - Латвия университеті мәдениетаралық диалог орталығының жетекшісі.
Қазақстандық «Абай» ақпараттық орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Рига қаласы, Рупниецибас көшесі, 10.


