Меню
Страницы

⚜️10 тамыз – Абай күні құтты болсын!

Латвия университетінің Академиялық кітапханасы жанындағы Қазақстандық «Абай» ақпараттық орталығының үйлестірушісі Ильзе Гарда ханымның барлық қазақстандықтарға арналған Абай күнімен құттықтауы:

- Құрметті ханымдар мен мырзалар! Қазақстаннан және бүкіл әлемнен келген қонақтар! Сіздерге Латвиядан ыстық сәлемімізді жолдаймыз! Біз, «Абай күнін» мерекелеу құрметіне өткізіліп жатқан #AbayChallenge челленджі аясында Латвия университетінің Академиялық кітапханасы атынан Қазақстандық «Абай» ақпараттық орталығы қазақ ақыны және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы Абай Құнанбаевтың болашақ ұрпаққа қалдырған 31-ші қара сөзін латыш тілінде айтуға қуаныштымыз.

 Абай Құнанбаевтың отыз бірінші қара сөзі

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.

Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Социальные медиа
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары