ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН АФРИКА, ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАНЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚАРАЛЫҚ СҰХБАТТЫ ДАМЫТУҒА ДАЙЫН

ЦВАНЕ қаласы
2020 жылғы 18 тамыз
2020 жылғы 17 тамызда Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Қанат Тұмыш, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2009 жылғы 64/35 қарарына сәйкес бүкіл әлемде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні ретінде атап өтілетін 29 тамыздың қарсаңында, Африканың ядролық энергия жөніндегі комиссиясының (AFCONE) Атқарушы хатшысы доктор Мессауд Баалиуамермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, «Африкадағы ядролық қарудан азат аймақ пен Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға таяуда қол қою, сондай-ақ 2020 жылдың қазан-қараша айларында «Benefits from Interregional Dialogue on Nuclear Governance: Africa and Central Asia» («ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАНЫ БАСҚАРУДАҒЫ АЙМАҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ: АФРИКА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ») атты онлайн семинарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Д-р Баалиуамер, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат аймақтардың (ЯҚАА) арасындағы диалогты құру жөніндегі бастамасын жоғары бағалап, еліміздің оны ілгерілетудегі рөлін және күш-жігерлерін қошаметтеді. Ол, сондай-ақ, Қазақстан басшылығының ядролық қарусыздану, жаппай қырып-жою қаруын таратпау және ядролық қарудан азат әлем құру үдерістеріне қосып келе жатқан маңызды үлесін айрықша атап өтті.
AfCONE Атқарушы хатшысының айтуынша, онлайн форматта өтуі жоспарланып отырған іс-шара (вебинар), ЯҚАА арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылғы 28 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған Халықаралық семинардың логикалық және практикалық жалғасы ретінде қарастырылуы керек. Оның пікірінше, болашақта мұндай халықаралық форумдарды тұрақты түрде жыл сайын өткізілуі керек.