Қазақстан Елшісінің Малави Республикасының ОАР-дағы Жоғарғы Комиссарының (Елшісінің) міндетін атқарушысымен кездесу туралы

2020 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы (ОАР) Елшісі Қанат Тумыш, Малави Республикасының ОАР-дағы Жоғарғы Комиссарының (Елшісінің) міндетін атқарушысы Глория Бамуси (Gloria Bamusi) ханыммен кездесті.
Әңгіме барысында, 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Малави арасында дипломатиялық қатынастар орнату мәселесі, сонымен бірге болашақта екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, сауда және инвестициялар (соның ішінде, Қазақстан-Оңтүстік Африка елдерінің Сауда-өнеркәсіптік палатасын құру) және консулдық салалардағы ынтымақтастық (ҚР-дың Малави Республикасындағы Құрметті консулдығын ашу); сондай-ақ ауыл шаруашылығы, туризм және тау-кен секторларындағы өзара іс-қимыл тақырыптары қозғалды.
Кездесуде халықаралық терроризмге қарсы күресудің мәселелері, атап айтқанда, Малавидің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А.Назарбаевтың жаһандық терроризмге қарсы коалицияны құру туралы маңызды бастамасына, «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібінің кодексі» атты тиісті құжатқа қол қою немесе қолдау нотасы арқылы ықтимал қосылуы да қарастырылды.