Қытай мен Үндістаннан транзиттік жолаушылар үшін 72-сағаттық визасыз режим

Қытай мен Үндістаннан транзиттік жолаушылар үшін 72-сағаттық визасыз режим

НҰР-СҰЛТАН, 2020 ж. 5 қаңтар. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін Қазақстанда 72 сағаттық визасыз режим жұмыс істейді. 

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының және олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және көші-қон бақылауын жүзеге асыру әрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оған қоса, Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін енгізілген Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың және одан кетудің 72 сағаттық визасыз режимі қолданылады. 

Сонымен қатар, Қытай және Үндістан азаматтарының паспорттарына Шекара қызметі аталмыш әуежайларның өткізу пункттерінде мөртаңбалар қойылып, мемлекеттік шекараны кесіп өту уақыты көрсетіледі.