РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрметті отандастар!🇰🇿

 

🔹2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі жанындағы № 411 учаскеде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді.

 

📍Елшілік мекенжайы: 150 Metcalfe street, Suite 701, floor 7, Ottawa, ON, K2P 1P1

 

✍️Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте қол қойды.

 

🔹Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

 

🔹Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

 

🔹Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі жанындағы №411 учаскесінің тізіміне Канадада тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

Құрметті азаматтар! 

 

🔹 Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Канададағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) дауыс беру мекенжайға байланысты Оттава қаласындағы Қазақстан Елшілігінің consul.ottawa@gmail.com электрондық мекенжайына «Республикалық референдум» белгісімен, немесе Торонто қаласындағы Консулдықтың toronto@mfa.kz и consul.toronto@mfa.kz электрондық мекенжайларына  «Республикалық референдум»  белгісімен алдын ала жіберу қажет.

 

☎️Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

Оттавақ. ҚазақстанЕлшілігі: (+1) 613-695-86-23

Торонтоқ. Консулдық: (+1) 416 221 0111

 

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

 

🌐Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі

Оқиға күні

08 қыркүйек 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру