Меню

Страницы

Статья

Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алу

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тиісті консулдық округтің аумағында Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, болу елінің заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету болып табылады.


Канадада (Торонто қаласында және оның маңында тұратын азаматтардан басқа, олар ҚР Торонтодағы консулдығында консулдық есепке тұруы тиіс) УАҚЫТША тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын ЕСЕПКЕ ҚОЮ үшін Қазақстан Республикасының Оттава қаласындағы Елшілігіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Өтініш;
  2. Сауалнама;
  3. Фотосурет (3,5х4,5);
  4. Паспорттың бірінші парағының көшірмесі;
  5. Канадада болуға рұқсат беретін құжаттың көшірмесі (виза, жұмыс / оқуға рұқсат).

Кәмелетке толмаған балаларға да жоғарыда көрсетілген тізімге сәйкес құжаттар бөлек тапсырылады.

Ескертпе: Егер тұрып жатқан мекен-жайыңыз немесе телефон деректеріңіз өзгерген жағдайда консулдық мекемелерді ескертуді сұраймыз. 


 Канадада (Торонто қаласында және оның маңында тұратын азаматтардан басқа, олар ҚР Торонтодағы консулдығында консулдық есепке тұруы тиіс) ТҰРАҚТЫ тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын ЕСЕПКЕ ҚОЮ үшін Қазақстан Республикасының Оттава қаласындағы Елшілігіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Өтініш;
  2. Сауалнама;
  3. Фотосурет (3,5х4,5);
  4. Паспорт (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  5. Паспорттың бірінші парағының көшірмесі;
  6. Паспортыңыздағы «Канадаға тұрақты тұруға кету» мөртабаның немесе Қазақстанның көші-қон қызметі берген мекен-жайдан шығу парағының көшірмесі.

Кәмелетке толмаған балаларға да жоғарыда көрсетілген тізімге сәйкес құжаттар бөлек тапсырылады.

Құжаттарды қарастыру мерзімі – құжаттар толық тапсырылғаннан күннен бастап екі жұмыс күнін құрайды.

Ескертпе: Егер тұрып жатқан мекен-жайыңыз немесе телефон деректеріңіз өзгерген жағдайда консулдық мекемелерді ескертуді сұраймыз. 


Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ

Қазақстан Республикасының азаматы шетелдегі мекемеден келесі жағдайда есептен шығарылады:

1) өзі немесе оның заңды өкілі шет елдердегі мекемелерге есептен шығару туралы еркін нысанда жасалған өтініш берсе;

2) оның Қазақстан Республикасының басқа шет елдердегі мекемелерінде есепке қойылғаны туралы хабарлама келсе;

3) есеп карточкасында/карточкада көрсетілген консулдық округ аумағындағы, уақытша орналасу немесе тұрақты тұру мерзімі аяқталса;

4) қайтыс болса, оның хабар-ошарсыз кеткені немесе қайтыс болғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.

 ЕСЕПТЕН ШЫҒУ ҮШІН азаматтар Қазақстан Республикасының Оттава қаласындағы Елшілігіне келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Еркін нысандағы өтініш және жоғарыда көзделген жағдайлардың фактісін растайтын өзге де құжат (болған жағдайда);
  2. Паспорт (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  3. Паспорттың бірінші парағының көшірмесі;
  4. Тұрақты есепке қою туралы мөртабасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша беттің көшірмесі.

 Егер уақытша / тұрақты консулдық есептен шығу туралы АНЫҚТАМА қажет болса, азаматтар Қазақстан Республикасының Оттава қаласындағы Елшілігіне келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Еркін нысандағы өтініш (осы анықтаманы беру туралы);
  2. Паспорттың бірінші парағының көшірмесі;
  3. Консулдық алым - 50 АҚШ доллар көлемінде «Embassy of Kazakhstan in Canada» атына жазылған «Money order».

 

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жалпы мерзімі екі жұмыс күнін, портал арқылы өтініш берген кезде бір жұмыс күнін құрайды.

Консулдық алым жоқ.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Өтініш пен құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін қабылдайды, ал мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін беріледі.

Сәрсенбі - жабық күн.

 

Құжаттар қолма-қол қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы берілмейді). Кездесуге жазылу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:ҚАБЫЛДАУ

Құжаттар тізіміне қатысты сұрақтарыңыз болса, сұрақтарыңызды consul.ottawa@mfa.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Сондай-ақ консулдық бөлімнің жұмыс кестесін ескере отырып, +1 6136958623 телефонына хабарласуға болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 января 2020
Дата обновления
28 января 2020
Тип

Сейчас читают

16 января 2026
ЖСН / e-Residency
31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Facebook
twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары