Құжаттарды талап ету
Көру саны:1834
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан алу процесі.
Талап етуге жатпайды:
- әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер);
- қызметтік куәліктер;
- егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама беріледі);
- қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.
- Өтініш.
- Сауалнаманың 3 данасы (сауалнамадағы сұрақтарға жауаптар толық және нақты, мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы тиіс).
- Өтініш берушінің, заңды өкілдің не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Өтініш берушінің өзіне қатысты құжаттар талап етілетін тұлғамен туыстық қатынастарың растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда).
- Заңды өкілдің не сенім білдірілген адамның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды алуға құқығы бар адамның өкілі талап еткен жағдайда).
- Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін.
- Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болса).
- Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.
* Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болғандардың туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсатта талап ете алады;
* Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.
- 4 айға дейін
Мемлекеттік органдар қосымша тексеру қажет болған жағдайда, мерзім өтініш берушіні хабардар ете отырып, 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады
- 30 АҚШ доллары (әрбір құжат үшін)
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Канада, Онтарио провинциясы, Оттава қаласы, меткальф көшесі, 150, 7 қабат
(Suite 702, 150 Metcalfe Street, Ottawa, ON, K2P 1P1, Canada)
Телефон арқылы хабарласыңыз: +1-613-695-86-23 (9) және / немесе электрондық пошта: consul.ottawa@mfa.kz / consul.ottawa@gmail.com.
28 қаңтар 2023
11 тамыз 2026