Осло қаласының әкімдігінде кездесу

Осло қаласының әкімдігінде кездесу

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Осло қаласының Мэрі Анне Линдбумен кездесу өткізді.

Қазақ дипломаты сұхбаттасушыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстан-Норвегия қатынастарын кеңейту және тереңдету перспективалары, сондай-ақ Астана қаласының соңғы жылдардағы даму табыстары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Анне Линдбу 2016 жылы Норвегияның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде елордаға барғаннан кейінгі өзінің жылы әсерлері туралы айтты. Сонымен бірге, ол өзінің қазіргі лауазымында Осло қаласын, ең алдымен, «жасыл технологияларды» белсенді енгізу есебінен жақсартуға тырысатынын атап өтті (2019 ж. Осло қ. “Еуропаның жасыл астанасы” деп танылды).

Тараптар екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ мәдениет және спорт саласындағы бірлескен жобаларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.