Қаза болған қазақстандық жауынгерлері Лиллехаммерде еске алынды

Қаза болған қазақстандық жауынгерлері Лиллехаммерде еске алынды

22 маусымда норвегиялық Лиллехаммер қаласының өңіріндегі Йорстадмоен әскери зиратында кеңес жауынгерінің монументіне гүл шоқтарын қою ресми шарасы өтті. Рәсімге Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов, Лиллехаммер қаласының мэрі Ингун Тросхолмен, Норвегия Стортинг (Парламент) депутаты Аасруд Ригмор, Норвегиялық қарулы күштері Йорстадмоен әскери базасының қолбасшысы Силье Нитхун, Олимпиаданың қазақстандық тұңғыш чемпионы Владимир Смирнов, хоккейші - Норвегия чемпионы Ескендір Нұғыманов және басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Ағымдағы жылдың басында Қазақстанның Елшілігі 1941-1945 жылдары Норвегия аумағында жерленген 44 қазақстандық жауынгердің есімдерін анықтаған болатын. Бес жауынгер Лиллехаммердің өңіріндегі Йорстадмоен ауылының зиратында жатыр: Антонов Василий Ильич (1916-1942 жж., Алматы облысы Талғар қаласының тумасы), Петр Вениаминович Вяткин (1916-1944 жж., Алматы қаласының тумасы), Федор Александрович Еремин (1923-1944 жж., Орал қаласының тумасы), Иван Яковлевич Кочерженко (1902-1944 жж., Алматы облысы Сырөзек ауылының тумасы), Андрей Васильевич Лосс (1908-1942 жж., Қостанай облысы Қаракөл ауылының тумасы).

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияланған Норвегиядағы концлагерлерде 100 мыңға жуық кеңестік әскери тұтқындар болған. Олардың 15,5 мыңның шамасында қамауда қаза тапта. Оккупациялық билік қайтыс болған тұтқындардың көбісін лагерлердің өңірінде жерлей берген.

1942 жылдың сәуірінен 1945 жылдың мамырына дейін Йорстадмоенда 954 қайтыс болған тұтқын жерленген. Марқұмдардың көбісі кеңестік әскери тұтқындары болатын.

«75 жылдан бері бізге алыс Норвегиядағы аты-жөнін жуырда анықтап алған жерлестерімізге алғашқы рет бас июге мүмкіншілік туындады. Көптеген жылдар бойы олардың тағдыры белгісіз қалып отырған. Біздің қасиетті міндетіміз - осында жатқан жауынгерлер туралы естелік сақтау», - деді Қазақстанның Елшісі Еркін Ахинжанов.

Лиллехаммер мэрі Ингун Тросхолмен Йорстадмоен әскери зираты соғыс зұлымдығының маңызды ескерткіші болып табылатының айтты. «Біз осында жерленген жауынгерлерді жыл сайын 17 мамырда Норвегияның ұлттық күніне еске салып, жалау көтеріп, гүл шоқтарын қойып құрметтейміз. Ешқашан ұмытпауға міндеттіміз!» - деді мэр.

1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасы чемпионы Владимир Смирнов кеңестік қазақстандық жауынгерлерді құрметтеп еске алу бастамасын қолдаған алғашқыларының бірі болды. «Маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалды. Лиллехаммердің маңында мыңға жуық кеңес жауынгерлері жерленген, қазіргі таңда олардың ішінде бес қазақстандықтың есімдері анықталды. Бүгін, 22 маусымда осында болу және жерлестеріме құрмет білдіру мен үшін үлкен мәртебе», - деді В.Смирнов.

«Туған жерлерінен алыс елде қаза болған жауынгерлерімізді еске алу және құрметтеу өте маңызды деп санаймын. Лиллехаммердегі біздің жауынгерлерді еске алу үлкен құрмет және мәртебе», - деді допты хоккейші, Норвегия чемпионатының биылғы жылғы ең үздік ойыншысы деп танылған Искандер Нугманов.

«Бұл бастама майдангер қазақстандықтар үшін тарихи жадыны қалпына келтірудегі маңызды қадам. Бұл сондай-ақ Қазақстан мен Норвегия арасындағы достық қатынастардың дамуына өз үлесін қосады. Мен жобаға және мұрағат жұмысына қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін», - деді Норвегия халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері Роман Вакульчук.

Қазақстанның Ослодағы Елшілігі соғыс кезінде Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлердің аты-жөнін анықтау жұмысын жалғастыруда.