ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Ресей Федерациясының Қиыр Шығыс пен Арктиканы дамыту министрі А.Чекунковпен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясының Қиыр Шығыс пен Арктиканы дамыту министрі Алексей Чекунковпен кездесу өткізді.
Қазақстан өңірлерінің Қиыр Шығыспен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.
Тараптар өзара іс-қимылдың басым бағыттары ретінде тауар айналымы номенклатурасын кеңейтуді, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды, инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, геологиялық барлау, туризм және креативті индустриядағы бірлескен жобаларды белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша оның қатысушылары өзара іс-қимылды кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.