Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы «Біз біргеміз» атты ұлттық фестиваліне қатысты

Ү.ж. 27 тамызында Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев «Біз біргеміз» Ресей халықтары мәдениеттерінің ауданаралық ұлттық фестиваліне қатысты.
Мерекелік іс-шаранының ұйымдастырушы - Омбы облысы Есілкөл ауданының «Мерей» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту және сақтау жөніндегі жергілікті қоғамдық ұйымы. Омбы облысының Үкіметі мен Есілкөл ауданының әкімшілігі қолдау көрсетті.
Фестивальдың құрметті қонақтары ретінде Бас консулдығы, Омбы облысының Өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігі, Есілкөл ауданы мен Есілкөл қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Қайта жандандырылатын «Бақабас» ауылының маңайында болған іс-шараның ресми бағдарламасы аясында Омбы облысындағы қазақ, орыс, украин, неміс және казак шығармашылық ұжымдарының, Петропавл қаласының Музыкалық драма театрының әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт, сондай-ақ халық шығармашылығы көрмесі мен қазақ күресінен турнир өтті.