Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан алу процесі.

     Талап етуге жатпайды:

  • әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер);
  • қызметтік куәліктер;
  • егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама беріледі);
  • қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.
  • Өтініш.
  • Сауалнаманың 3 данасы (сауалнамадағы сұрақтарға жауаптар толық және нақты, мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы тиіс).
  • Өтініш берушінің, заңды өкілдің не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Өтініш берушінің өзіне қатысты құжаттар талап етілетін тұлғамен туыстық қатынастарың растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда).
  • Заңды өкілдің не сенім білдірілген адамның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды алуға құқығы бар адамның өкілі талап еткен жағдайда).
  • Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін.
  • Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болса).
  • Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.

* Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болғандардың туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсатта талап ете алады;

 * Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.

  • 4 айға дейін

Мемлекеттік органдар қосымша тексеру қажет болған жағдайда, мерзім өтініш берушіні хабардар ете отырып, 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады

  • Талап ету үшін консулдық алым 3000 ресей рублін, "Апостиль" мөртабанын талап еткені үшін - 3500 ресей рублін құрайды.

    Төлем Консулдық бөлімнің қызметкері берген түбіртек негізінде әрбір талап етілетін құжатқа жеке жүргізіледі. Консулдық алым, оның ішінде қате аударылған төлем "ҚР Салық кодексінің" талаптарына сәйкес қайтаруға жатпайтындықтан, алдын ала төлем жасамауға кеңес береміз.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 644010, Ресей Федерациясы, Омбы қ. Шоқан Уәлиханов, 9

Телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (3812) 32-52-13, +7-968-100-73-03 (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін) және / немесе электрондық пошта: omsk@mfa.kz. 

Дата публикации
05 марта 2025
Дата обновления
12 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
05 марта 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
Ақпарат
05 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
05 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары