Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан және Ресей мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәдени-гуманитарлық салада орнықты әрі көпқырлы ынтымақтастықты қолдап келеді. Бұл өзара іс-қимыл аталған бағыттағы негізгі басымдықтарды қамтитын көптеген екіжақты келісімдермен реттеледі.

Аталған келісімдерді іске асыру мақсатында Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия, Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия, сондай-ақ Архив ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Өнер, кинематография, спорт, туризм, кітапхана және архив ісі салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып, тәжірибе алмасу жүргізілуде, шығармашылық ұжымдардың өзара гастрольдері ұйымдастырылуда. 2025 жылғы айтулы іс-шаралардың қатарында Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері, Астанада Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достық аллеясының ашылуы және Мәскеуде Ресей мен Қазақстан Достық саябағының ашылуы ерекше атап өтіледі. Сонымен қатар қазақстандық және ресейлік шығармашылық ұжымдар екі елдің аумағында тұрақты түрде өткізілетін мәдени іс-шараларға белсенді қатысуда.

Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Қазақстан Республикасы Ресейдегі шетелдік студенттер саны бойынша көш бастап тұр, олардың саны шамамен 60 мыңға жуық. Оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында үкіметаралық келісімдер аясында білім беру гранттары бөлінеді. Осы саладағы перспективалы бағыттардың бірі – жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын өзара ашу болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, Ұлттық зерттеу ядролық университеті «МИФИ»-дің, И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, Челябі мемлекеттік университетінің, Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің, Мәскеу авиациялық институтының, сондай-ақ Астанадағы МГИМО филиалының бөлімшелері ашылған. 2025 жылы Ресейде шетелдік жоғары оқу орнының алғашқы филиалы – Омбы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды.

ТМД және ШЫҰ аясындағы гуманитарлық жобалар шеңберіндегі өзара іс-қимылға да маңызды мән беріледі.

Осылайша, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық серпінді әрі көпқырлы сипатқа ие болып, екі ел мәдениеттері арасындағы диалогты нығайтуға және гуманитарлық саладағы барлық бағыттар бойынша тығыз өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары