Меню

Страницы

Статья

Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

«Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттіктіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2)некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуына байланысты некеге дейінгі тегін беру кезде -www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап көрсету мерзімі – күнтізбелік 30 (отыз) күн, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;

Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

 Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет құны 100 АҚШ доллары (Money order түрінде). Төлем құжатының түпнұсқасын қызмет берушіге ұсыну қажет.

7

Жұмыс кестесі

1) Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші мына СІЛТЕМЕмен алдын-ала жазылу арқылы сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 16-қосымшаға сәйкес атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы ӨТІНІШ (сілтеме арқылы жүктеуге болады);

2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (салыстыру үшін);

3) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік (салыстыру үшін);

4) егер көрсетілетін қызметті алушыда кәмелетке толмаған балалары бар болса, баланың туу туралы куәлігі (салыстыру үшін);

5) бала асырап алу туралы сот шешімі (немесе бала асырап алу туралы куәлік) немесе егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, әке болуды анықтау туралы куәлік (салыстыру үшін);

6) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты оған некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (салыстыру үшін);

7) көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см көлеміндегі екі фотосуреті;

8) атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, көрсетілетін қызметті алушының өз қолымен жазған толық өмірбаяны;

9) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (әскери қызметшілерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамдарға – туу туралы куәлік) (салыстыру үшін), шетел азаматтары үшін мемлекеттік не орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен шетелдік үлгідегі паспорт (салыстыру үшін);

10) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

11) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.

Порталға (некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты некеге дейінгі тегін беру кезінде):

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;

2) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (түпнұсқаны қызмет берушінің мекенжайына пошта арқылы жіберіңіз).

Назарға! Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 5-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.

Дата публикации
12 апреля 2022
Дата обновления
12 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
Ақпарат
23 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары