Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан Африка елдерімен мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға ерекше маңыз береді. ҚР-ның Кениядағы Елшілігі мәдениеттаралық диалог пен ынтымақтастықты дамыту, Кения жұртшылығын Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ білім беру, спорт және туристік байланыстарды нығайту мақсатында тұрақты түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

 

Білім беру және ғылыми алмасулар

Қазақстан білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесін пысықтауда. Тараптар студенттер мен оқытушылар алмасуын кеңейту, студенттерді қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту мәселелерін талқылауда.

 

Спорт саласындағы ынтымақтастық

2025 жылғы 3-6 желтоқсанда тхэквондодан Қазақстан жастар құрамасы Найробиде өткен әлем чемпионатында (U21) сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Қазақстандық атлеттер екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

2024 жылғы қазанда Астанада және 2025 жылғы мамырда Алматыда Кенияның паралимпиадалық құрамасы көру қабілеті бұзылған және зағип спортшылар арасында пауэрлифтинг пен сығымдап жатып көтеруден өткен IBSA әлем чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Этникалық кениялықтар жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы сапында табысты өнер көрсетуде (Нора Джеруто, Дэйзи Джэпкимэй, Каролин Кипкируи (Chepkoech), Шадрак Коэч).

Кениялық спортшылардың 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Болашақ ойындарына» қатысуы жоспарлануда.

 

Наурыз

2026 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасының Елшілігі Кенияда алғаш рет Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өту іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға болу елінің мемлекеттік органдарының, БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, бизнес-қоғамдастықтың, діни және мәдени ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

 

Көрмелер

2026 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі Найроби қаласында өткен Дипломатиялық қайырымдылық базарына қатысты. Іс-шарада ұлттық бұйымдар, үй жабдықтары мен кәдесыйлар таныстырылды.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары