Қазақстан мен Оман ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Оман ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2021 жылғы 16 сәуірде Қазақстанның Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұы Оманның ауыл шаруашылық саласындағы ең ірі компанияларының бірі «Oman Flour Mills-тің» Бас директоры Хейсам әл-Фаннахпен кездесті.

Кездесуде тараптар екі елдің агрокешені саласындағы өзара әрекеттесудің перспективалық бағыттарын, оның ішінде қазақстандық астықты Оманға экспорттау және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Омандық компания Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары әлеуетін айта келе, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін мәлімдеді.