Оманда Қазақ мәдениеті күні өтті

Оманда Қазақ мәдениеті күні өтті

Масқат, 2021 жылғы 9 қыркүйек – Масқаттың «Water Front» кешенінде Қазақ мәдениеті күні өтті. Мәдени іс-шарада ұлы даланың әндері мен күйлері шырқалып, ұлттық дастархан жайылып, қазақтың салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан түрлі көріністер ұсынылды.

Іс-шарада еліміздің жетістіктері мен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР халқына арналған жолдауында айқындалған негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық  реформалары туралы қысқаша айтылды.

Сонымен қатар, мәдени кештің шеңберінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ұлы ақынның шығармалары мен оның өмірбаяны туралы көркем фильм көрсетілді.

Оның ішінде, шығармашылығы қарапайым халықтың өмірімен байланысты, ал поэзиясы терең мағынасы мен батылдығымен таң қалдыратын ұлы ақынның тұлғасына ерекше назар аударылды.

Қазақ мәдениеті күніне Масқат қаласындағы дипломатиялық корпустың бірқатар өкілдері, Оманның жазушылары мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ Оманда уақытша тұрып жатқан ҚР азаматтары қатысты.

Іс-шараның аясында домбыраның сүйемелдеуімен ұлттық күйлер мен қазақ әндері орындалды және қазақтың ұлттық тағамдары мен ойындары, сондай-ақ ежелгі «тұсау кесу» салт-дәстүрі көрсетілді.