18 мамырда Бас консул Е.Мұқашев Бавария Ландтагының Максимилианеум ғимаратында өткен «Еуропаның уақыты келді: ішкі және сыртқы тұрғыдан нығаю» атты іс-шараға қатысты. Іс-шараны Еуропалық қозғалыс Бавария және OWWF Bayern ұйымдары ұйымдастырды. Бағдарламада Еуропаның қазіргі саяси-экономикалық жағдайы, оның тұрақтылығы, егемендігі және әлемдік сын-қатерлер жағдайындағы даму бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында Бавария мемлекеттік министрі Э.Байсвенгер, Еуропалық салық төлеушілер қауымдастығының өкілі М.Йегер, Бавария экономикасы қауымдастығының басқарушы директоры Ф.Лайнвебер, Бавария экономикалық кеңесінің өкілі М.Тенбюкен және еуропалық сарапшы профессор М.-Б.-Боке сөз сөйледі. Бас консул іс-шара алаңында Еуропаның экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Бавария арасындағы өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға назар аударды.
8 мамыр күні Бас консулдық Германияның Ландсхут (Бавария федералдық жері) қаласында өткен Наурыз мерекесіне қатысты. Аталған іс-шара Орталық Азия халықтарының көктем мерекесін кеңінен насихаттауға және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталды. Мереке аясында қонақтарға ұлттық фольклорлық билер мен музыкалық қойылымдар ұсынылып, аймақ мәдениетінің бай дәстүрлері мен ерекшеліктері таныстырылды.
Іс-шара барысында келушілер палау, самса, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі шай рәсіміне қатысып, ұлттық киімдерде естелік суреттерге түсу мүмкіндігіне ие болды. Мереке достық атмосферада өтіп, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды, сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністік пен мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Ү.ж. 4-7 мамыр аралығында Мюнхен қаласында өткен IFAT München 2026 халықаралық көрмесіне Қазақстан делегациясы қатысты. Делегация құрамында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Н.К. Солтамбеков және «DECARBONIZE SOLUTIONS GROUP» ЖШС Басқарма төрағасы Ә.Сабитұлы болды. IFAT München 2026 экологиялық технологиялар саласындағы жетекші халықаралық көрме болып табылады, оның негізгі бағыттары сумен жабдықтау, ағынды суларды тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу, циркулярлық экономика және ресурстарды үнемдеу мәселелерін қамтыды.
Сапар бағдарламасы аясында делегация су шаруашылығы, зертханалық талдау, ағынды суларды тазарту және экологиялық технологиялар саласындағы бірқатар жетекші компаниялар мен ғылыми ұйымдардың шешімдерімен танысты. Бағдарламаға System S&P GmbH компаниясының стендіндегі кездесулер, Мюнхен техникалық университетінің қалалық су шаруашылығы бағытымен танысу, сондай-ақ WTW/Xylem, Hach Lange, MAXX, Flottweg, Mecana, Kuhn GmbH, H2Ortner және Flygt компанияларының технологиялық шешімдерін қарау кірді.
Іс-шара Қазақстан мен Германия арасындағы экологиялық технологиялар, су ресурстарын басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және ағынды суларды тазарту салаларындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. Қазақстан Республикасы Бас консулдық делегация сапарын ұйымдастыру мен үйлестіруге қолдау көрсетті.
Ү.ж. 4 мамырда Бас консулдық Бавария Ландтағында өткен 2026 жылғы Интеграция сыйлығын табыстау рәсіміне қатысты. Іс-шарада қоғамға бейімделу, тіл үйрену және мәдени өзара түсіністікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар атап өтілді.
Биылғы марапат иелері қатарында балалар мен жастарға тіл үйренуді музыка және рэп арқылы жақындататын «Hip-Hop Heroes - Sprache schafft Heimat», сондай-ақ спорт пен оқу арқылы балалардың тілдік қабілетін дамытатын «FCA-Ballschule mit Sprach- und Leseförderung» жобалары болды. Сонымен қатар Пассау қаласындағы «Reden. Begegnen. Dazugehören» жобасы да марапатталды.
Бас консулдық мұндай бастамалардың қоғамдағы интеграцияны нығайтуда, тіл арқылы білімге, еңбекке және қоғамдық өмірге жол ашуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Іс-шара әртүрлі мәдениеттер арасындағы диалог пен өзара құрметті дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.
Ү.ж. 2 желтоқсанда ҚР Мюнхендегі Бас консулдығы Бавария үкіметінің қоныстанушылар мен қуғын-сүргінге ұшырағандар жөніндегі уәкілі, ХӘО партиясының өкілі доктор Петра Лойбльдің шақыруымен Бавария Ландтагында өткен дәстүрлі жыл сайынғы таңғы асына қатысты. Іс-шараға Қазақстаннан бөлек, Шығыс Еуропа елдерінің бас консулдықтары мен Орталық және Шығыс Еуропаның басқа да дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ Баварияның қоғамдық-саяси институттарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан мен Бавария арасындағы гуманитарлық, мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ерекше назар Қазақстандағы неміс диаспорасына қатысты мәселелерге, мәдениетаралық жобаларды қолдауға және жастар мен білім саласындағы жаңа бастамаларға аударылды. Бас консулдық екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың және қазақстандық және бавариялық ұйымдар арасындағы әріптестікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Бас консулдық көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулер өзара түсіністікті тереңдетіп, Қазақстан мен Германия арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды нығайтуға жағдай жасайтынын атап өтті. Қазақстан тарапынан ортақ мәдени және білім беру жобаларын бірлесіп іске асыруға дайын екендігі қайта расталды.
Ү.ж. 20 қарашада Бас консул Ерлан Мұқашев 2025 жылғы Бавария Экспорт сыйлығын өңірлік кәсіпкерлеге тапсыру рәсіміне қатысты. Аталған шараны Бавария экономика министрлігі BIHK-пен, Бавария қолөнершілер палаталары қауымдастығы және «Bayern International» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды. Жеңімпаздарға сыйлықты Баварияның экономика министрі Хуберт Айвангер тапсырды. Биыл 18-ші рет тапсырылған бұл сыйлық халықаралық нарықтарда елеулі жетістікке жеткен шағын кәсіпорындарға табысталды.
Марапат бес санат бойынша берілді. Жеңімпаздар қатарында: «Buhmann Systeme GmbH» (өнеркәсіп), «Kabeltronik Arthur Volland GmbH» (сауда), «Martelleria – Blechmanufaktur» (қолөнер), «Bühnenplanung Walter Kottke Ing. GmbH» (қызмет көрсету) және «Brauerei-Gasthof Kundmüller GmbH» («Genussland» санаты). Компаниялар марапаттау рәсіміне қатысқандарды автоматтандыру жүйелерінен бастап мамандандырылған кабельдерге, сахналық техника жобалауына және дәстүрлі сыра қайнатуға дейінгі ауқымды инновациялық шешімдермен таныстырды.
Бас консулдық ойынша, шағын және орта бизнесті қолдаудың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың және экономикалық байланыстарды нығайтудың маңыздылығы өте зоі. Іс-шара Баварияның іскерлік өкілдерімен пікір алмасуға және болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.
Бас консулдық 2025 жылдың 20 қазанында Эрфурт қаласындағы Сауда-өнеркәсіп палатасында (IHK Erfurt) өткен «Willkommens-Tag für ausländische Auszubildende» атты іс-шараға қатысты. Іс-шараны IHK Erfurt және FAV Service gGmbH компаниясы аймақтық кәсіпорындардың қолдауымен ұйымдастырды. Негізгі мақсат - кәсіби білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы әріптестікті нығайту.
Бағдарламаға Моңғолиядан, Қырғызстаннан, Қазақстаннан және Украинадан келген жас мамандар мен кәсіптік оқушылар қатысты. Олар Тюрингия аймағындағы кәсіпорындарда өздерінің кәсіби білімін бастауда. Бұл күн қатысушылар үшін Германияның білім беру және еңбек ортасына бейімделу жолындағы маңызды кезең болды.
Бас консулдық ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, кәсіби білім саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара ашықтық, достық және өзара түсіністік рухында өтіп, Қазақстан, Германия және серіктес елдер арасындағы көпжақты қатынастардың табысты дамуын көрсетті.
Ү.ж. 16 қазанда ҚР Мюнхен қ. Бас консулдығы Ландсхут қаласында өткен «Қазақстан» атты тақырыптық кешке қатысты. Іс-шара 2025 жылғы Интеркультуралық апталықтар аясында ұйымдастырылып, оны Ландсхут еріктілер агенттігі (fala) өткізді. Кештің мақсаты – өңірде тұратын түрлі халықтардың өзара түсіністігі мен мәдени байланысын нығайту болды.
Бағдарлама барысында еліміздің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен таныстырылды. Қатысушылар ұлттық музыкамен, дәстүрлі тағамдар мен сусындармен танысып, қазақтың ұлттық киім үлгілерін тамашалады. Сондай-ақ Ландсхутта тұратын, Қазақстанмен туыстық байланысы бар тұрғындар өз естеліктерімен және екі ел арасындағы өмір тәжірибесімен бөлісті.
Бас консулдық кеш аясында Қазақстан туралы ақпараттық материалдар ұсынып, қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды. Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға үлес қосты.
Ү.ж. 26 қыркүйекте ҚР Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы Германиядағы «Kazakh Invest» өкілдігімен бірлесіп, Тюрингия федералдық жерінің Вута-Фарнрода қаласында орналасқан тұқым және астық саласына арналған технологияларға маманданған «Petkus» компаниясында болып қайтты.
Сапар бағдарламасына - өндірістік қуаттармен танысу және технологиялық шешімдерге арналған презентация. Сондай-ақ, кездесу барысында қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарымен ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Компания Астанадағы кеңсесінің бар екенін растады және Қазақстан нарығында салалық серіктестермен бірлесіп қызметін кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланысын жалғастыра отырып, дайын болған жағдайда нақты практикалық қадамдарды талқылауға уағдаласты.
2025 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Бавариядағы өкілдігі Эрфурт қаласында (Тюрингия федералдық жері) өткен «ERFURT Bildungszentrum (EBZ) орталығына – 35 жыл» мерейтойлық шарасына қатысты.
Іс-шара бағдарламасына орталықтың білім беру жобаларын таныстыру, сондай-ақ бизнес пен кәсіби даярлау жүйесінің өзара іс-қимылы туралы пікірталастар кірді.
Форум аясында Тюрингия Министрлер кабинетінің төрағасы М.Фойгтпен, LEG Thüringen мемлекеттік экономикалық даму агенттігінің басқарма төрағасы А.Креймен, IHK Erfurt президенті П.Цайс бастаған басшылығымен, Эрфурт қаласының обер-бургомистрі А.Хорнмен, сондай-ақ цифрландыру және инфрақұрылым жөніндегі ведомство өкілдерімен кездесулер өтті.
Кәсіптік білім, өнеркәсіптік автоматтандыру, логистика және өнеркәсіпке арналған цифрлық шешімдер салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ неміс компанияларының Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Тюрингия үкіметтік делегациясының Қазақстанға сапар ұйымдастыру ниеті атап өтілді. Бұған қоса, 2026 жылы Астанада өтетін машина жасау көрмесіне аймақтың жеке стендпен қатысу жоспары расталды.
ERFURT Bildungszentrum басшылығы Қазақстан тарапына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, индустрия қажеттіліктерін ескере отырып, бірлескен даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті. Орталық қазақстандық компаниялармен дуалды оқыту, техникалық тренингтер және практикалық тәжірибе алмасу бағыттарында жұмысты жалғастыруды көздеп отыр.