Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов «Керамин» ААҚ басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов «Керамин» ААҚ басшылығымен кездесу өткізді

Минск, 2025 жылғы 13 ақпан - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Беларустің керамикалық бұйымдар шығаратын ірі кәсіпорындарының бірі «Керамин» ААҚ басшылығымен кездесу өткізді.

Т.Жақсылықов өндірістік қуаттылықтармен, технологиялық әзірлемелермен және «Керамин» ААҚ қызметінің негізгі бағыттарымен, соның ішінде керамикалық плиткалар мен санфаянс бұйымдарын өндірісімен танысты.

Тараптар өндірістік және технологиялық салалардағы кооперация мүмкіндіктерін қоса алғанда, құрылыс материалдарын өндіру саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Елші Т.Жақсылықов құрылыс саласы біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың маңызды бағыты бола алатынын, әсіресе Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының тұрақты өсуі және осыған байланысты құрылыс материалдарына деген сұраныстың артуы тұрғысынан атап өтті.

Тараптар диалогты одан әрі дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеуге қызығушылық танытты.