Қазақстан Елшісі Беларусь жоғары оқу орындарына оқуға жаңадан келген қазақстандық тыңдаушылармен және курсанттармен кездесті
Минск, 2022 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасы Әскери академиясының тыңдаушыларымен және 2022 жылы оқуға қабылданған Беларусь мемлекеттік авиация академиясының әскери факультетінің курсанттарымен кездесті.
Қазақстан-Беларусь әскери ынтымақтастығы 1998 жылғы 3 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес дамып, нығайып келеді.
Қорғаныс саласындағы қалыптасқан өзара іс-қимылды дамыту мақсатында 2005 жылы тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге қол қойды.
2008 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 386 өкілі Беларусь Республикасының Әскери академиясында және Беларусь жоғары оқу орындарының әскери факультеттерінде білім алды.
2022 оқу жылы Беларусь Республикасының Әскери академиясына 6 тыңдаушы және 2 курсант қабылданды, бұған қоса тағы үш курсант Беларусь мемлекеттік авиация академиясына түсті.