Белорустар Қазақстан Президенті мен халқына қолдау және көңіл айту сөздерін жолдауда

Белорустар Қазақстан Президенті мен халқына  қолдау және көңіл айту сөздерін жолдауда

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігіне елдің мемлекеттілігіне қатер төндірген, Тәуелсіз Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған террористік шабуылдың ауыр күндерін басынан өткерген Қазақстан халқына қолдау және терең көңіл айту сөздері келіп түсуде. Бүгінгі таңда жағдай Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың қабылдаған батыл шараларының арқасында тұрақтанды. Өкінішке орай, біздің азаматтарымыздың, балаларымыздың, мемлекетіміздің ең жақсы ұлдарының, ерлік көрсеткен және өз Отанына адал болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өмірлері үзілді. Бұл біз үшін орны толмас қаза.

Біз осы күндері бізбен бірге осы қасіретті бастан кешірген бауырлас Беларусь халқына ризашылығымызды білдіреміз. Мұндай адамдар мен ұжымдар көп. Беларусьте аккредиттелген дипломатиялық корпус та ынтымақтастық танытты, қолдау мен көңіл айту сөздері бар ноталар жолдады.

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі А.Бейсенбаевтың және дипломаттардың аттарына көптеген жұбаныш хабарламалар келіп түсті. Біздің балаларымызға да олардың сыныптастары мен курстастары қолдау мен жанашырлықтарын білдіруде.

Біз барлықтарыңызға зор ризашылығымызды білдіреміз және Сіздердің қатысуларыңыз бен мейірімділіктеріңізді жоғары бағалаймыз.