Қазақстан Елшісі мен Үндістан Елшісі арасында кездесу өтті

Минск, 2021 жылғы 21 қыркүйекте - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстан Елшісі Асқар Бейсенбаев пен Үндістан Елшісі Алок Ранджан Джа арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Тараптар екі ел қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму перспективалары туралы пікірлермен алмасты, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің жекелеген аспектілерін талқылады.