Минск қаласындағы #263 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Минск қаласындағы #263 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Минск қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасыдағы Елшілігі жанындағы №263 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де басталды.

Дауыс беру еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындаумен салтанатты түрде ашылды.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Сайлау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып өткізіледі. Кіреберісте температуралық бақылау ұйымдастырылған, сайлаушылар маска, қолғап, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі және әлеуметтік арақашықтық сақталады.