Мексиканың Сыртқы істер министрімен кездесу
2023 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексиканың Сыртқы істер министрі Алисия Барсенаның Мексикада аккредиттелген дипломатиялық корпуспен және халықаралық ұйымдармен дәстүрлі Рождестволық кездесуіне қатысты.
Министр құттықтау сөз сөйлеп, шетелдік дипломаттар мен Министрлік қызметкерлеріне Мексикамен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға және нығайтуға бағытталған күш-жігері үшін алғысын білдірді.
А.Барсена Мексика әрқашан сауда және инвестициялық ағындарды жандандыруды, ғылым мен технология, көлік, білім беру және мәдениет саласындағы байланыстарды кеңейтуді жақтайтынын және жақтағанын баса айтты. Мексикалық дипломат сондай-ақ өз еліне жойқын «Отис» дауылының зардаптарын жоюға бағытталған халықаралық гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты.
Іс-шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Қазақстан Елшісінің Мексиканың Сыртқы саяси ведомствосының басшысымен жеке қысқаша әңгімесі өтті. А.Барсена Мексиканың Қазақстанмен жан-жақты және көп-қырлы қарым-қатынастарды дамытуға деген қызығушылығын растады және Астанада Мексика Елшілігінің ашылуы 2024 жылы Мексиканың сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Т.Пірімбетов, өз тарапынан, екіжақты Қазақстан-Мексика қатынастарын жоғары бағалағаны және олардың екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша одан әрі дамуы мен нығаюына оң көзқарасы үшін алғысын білдірді.
Әңгіме соңында А.Барсена қазақстандық дипломатқа екі елдің мүддесі үшін жұмыста табыс тіледі.