Қазақстан мен Мадрид цифрлық серіктестіктің жаңа көкжиектерін талқылауда

Мадрид, 2024 жылғы 8 қараша – Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Мадрид автономды қауымдастығының цифрландыру жөніндегі аймақтық министрлігі арасында бейнеконференция арқылы кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында тараптар цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, жасанды интеллект технологияларын дамыту, заманауи сын-тегеуріндер жағдайында ақпараттық жүйелерді қорғау шараларын күшейту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Оның ішінде Мемлекеттік және жеке секторларда озық цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу тәжірибесімен алмасуға ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға және серіктестік байланыстарды нығайтуға ниет білдірді.