Шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшін SOS түймесі

Жарияланған күні: 03 сәуір 2024

Құрметті отандастар!

Qazalem.kz веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшін SOS түймесі бар екенін хабарлаймыз.

Егер төтенше жағдайға тап болып, сізге шұғыл көмек қажет болса, осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Өзіңіз тұрған елдегі Қазақстан консулдығы сізбен жедел байланысқа шығады.

Бұл видео «Qazalem.kz» порталындағы SOS батырмасының қызметін ашу үшін түсірілген. Оқыс жағдайға тап болсаңыздар, әрине, бірінші кезекте жергілікті полицияға хабарласу қажет!