Меню

Страницы

Статья

ҚР-дан құжаттарды талап ету

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар Елшіліктің консулдық бөліміне келесі құжаттарды жеке тапсырады:

1.   Еркін нысандағы өтініш – 1 дана;

2.   Қосымшадағы нысан бойынша талап ету жөніндегі Сауалнама – 3 дана;

3.   Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4.   Құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);

5.   Заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);

6.   Талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);

·       Қайтыс болу туралы куәлікті марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар қызметтік мақсатта талап ете алады.

·       16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.

Жеке тұлғалардың қолдаухаты бойынша өтініштер қанағаттандыруға жатпайды:

  1. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа адамдарға берілсе;
  2. Егер неке бұзылған болса, неке туралы куәліктер;
  3. Қайтыс болған адамның туу туралы куәліктері.

Талап ету мерзімі өтініш берушінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне құжаттарды тапсырған күнінен бастап есептеледі және төрт айдан аспайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары қосымша тексеруді, сондай-ақ пошта арқылы құжаттарды жіберу ұзақ уақыт қажет ететін жағдайда, талап ету мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

бір құжатты талап ету үшін – 25 еуро;

Талап етілетін құжатқа апостиль қою қажет болған жағдайда, әрбір құжат үшін қосымша 30 еуро төленеді

Құжаттарды қабылдау: күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Calle Sotillo, 10, 28043 Madrid

Тел.: (+34) 91 721 62 94 (консультациялар сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін)

Электронды поштасы: consulmadrid@mfa.kz

Дата публикации
27 марта 2020
Дата обновления
16 июня 2026
Тип

Сейчас читают

06 апреля 2026
Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша стандартты рәсімдер туралы
Ақпарат
02 февраля 2026
«Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
23 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Официальная страница Посольства РК в Испании в фейсбуке
Twitter account
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары