Лондон қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды

Құрметті қандастар!
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ қолдауымен Лондон қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. «UK Kazakh Association» ұйымына сабақтарға қажетті жабдықтар тапсырылды.
Сонымен қатар «Отандастар қоры» «Қазақ тілі» курсының II семестрінің басталғанын хабарлайды.
Айта кетейік, «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен онлайн режимде өтіп жатқан «Қазақ тілі» курсының арқасында әлемнің 12 елінде тұратын бір мыңға жуық қандасымыз қатысып, ана тілін үйреніп шықты.
Онлайн курстың арнайы лекцияларын «Отандастар қорының» YouTube каналынан көруіңізге де болады. Сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCuKN7IPPq7fGjKWz9MjaYYA
Сонымен қатар практикалық сабақтар тікелей эфирде жүреді. Әр эфирдің сілтемесі «Otandastar BILIM» Telegram каналына салынып отырады. Сілтеме: https://t.me/otandastar_qory
Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес қазақ тілін онлайн үйрене аласыздар.