1) некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға өтініш;
2) некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
- Ұлыбритания аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарына құжаттарды ұсынумен қатар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде шетел паспортының нотариалды куәландырылған аудармасын ұсыну қажет.
3) уәкілетті органдар берген некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрған адамдардың некеге қабілеттілігі туралы анықтамалар;
- ҚР азаматтары үшін: https://egov.kz/cms/kk/government-services/for_citizen/pass108-3_mw
- Шет мемлекеттердің уәкілетті органдары берген барлық құжаттар заңдастырылған немесе құжат берілген елмен апостильденген болуы тиіс. Құжаттарды ұсынумен қатар, мәтіннің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсыну қажет.
4) алдыңғы некенің тоқтатылуын растайтын құжат (егер болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгендігі туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік немесе некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, біреуінің жары қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған ерлі-зайыптылар (тексеру үшін);
- Шет мемлекеттердің уәкілетті органдары берген барлық құжаттар заңдастырылған немесе құжат берілген елмен апостильденген болуы тиіс. Құжаттарды ұсынумен қатар, мәтіннің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсыну қажет.
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болса, мерзімді қысқартуға немесе ұзартуға негіз болатындығын растайтын қосымша құжат: медициналық жүктілік туралы медициналық біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулығы туралы анықтама, құжаттар, баланың басқа туу туралы куәліктің көшірмесі жағдайлар.