Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынастар

1992 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнаған күні.

2015 жылы Қазақстанда Португалия Елшілігі ашылды.

2019 жылы Португалияда ҚР Елшілігі ашылды.

2025 жылғы қаңтардан бастап Ж. Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2026 жылғы ақпаннан бастап Жозе де Каштру Атаиде Амарал Португалия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстар

ҚР Президенті Н.Назарбаев НАТО Саммитіне қатысу аясында 2010 жылғы 18-19 қарашада Португалияға жұмыс сапарымен барды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев БҰҰ БА 74-ші және 78-ші сессиялары (2023 жылғы қыркүйек) аясында ПР Президенті М. Соузамен кездесу өткізді.

Португалия Сыртқы істер министрлері Луиш Амаду мен Паулу Порташ ҚР-ға үш рет (2010, 2012 және 2014 жж.) келді.

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Португалияға сапарлар жасады (тиісінше 2013 жылғы мамырда және 2023 жылғы 15-17 ақпанда).

Бұдан бөлек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің (2017 жылғы 6-8 қараша), Астана әкімі Б.Сұлтановтың (2019 жылғы 4-6 сәуір), Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаевтың (2019 жылғы 20-23 маусым) және Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы Ә. Смайыловтың (2025 жылғы 18-19 наурыз) сапарлары өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық

2009 жылғы сәуір – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың Португалияға сапары;

2012 жылғы наурыз – И.Әдірбеков бастаған ҚР Парламенті делегациясының Португалияға сапары.

2024 жылғы қараша – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М. Әшімбаевтың Кашкайш қаласындағы БҰҰ Өркениеттер Альянсының 10-шы Жаһандық форумына қатысу үшін Португалияға сапары.

Республика Ассамблеясында «Португалия - Қазақстан» парламентаралық достық тобы жұмыс істейді.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары