KAZAKHSTAN ENERGY WEEK – 2023 / XV KAZENERGY ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK – 2023 / XV KAZENERGY ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

2023 жылғы 3-6 қазан аралығында Астана қаласының EXPO Конгресс Орталығында Kazakhstan Energy Week – 2023 (KEW-2023) / XV KAZENERGY Еуразиялық форумы өтеді.

Іс-шара энергетика және мұнай-газ индустриясында бірнеше ірі оқиғаларды дәстүрлі түрде біріктіреді және Орталық Азия өңірінде барынша маңызды оқиғаға айналмақ.

KAZENERGY қауымдастығының 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан XV KAZENERGY Еуразиялық форумы Каспий және Орталық Азия өңірлерінде энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасы болып табылады. KAZENERGY форумы дүниежүзілік елдер үкіметтерінің, халықаралық энергетика ұйымдарының, дипломатиялық өкілдіктердің, энергетикалық сектордың қазақстандық және шетел компанияларының, зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын тудырады. Іс-шара әлемнің 50-ден астам елінің 300-ден астам компаниясынан 205 мыңнан артық делегатының назарын аудартады. Көптеген жылдар бойы Форум қонақтары беделді саяси фигуралар, танымал сарапшылар болды.

2023 жылы Форум ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың атынан ҚР Үкіметінің қолдауымен дәстүрлі түрде өтеді.

ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА

  • Іскерлік бағдарлама шеңберінде сессиялардың мынадай форматтары ұсынылады:
  • Пленарлық отырыс (төралқалық отырғызу);
  • Ең ірі халықаралық ұйымдарымен бірлескен сессиялар
  • (ЖЭК, БҰҰ ЕЭК, IRENA, Энергетикалық Хартия және т.б.);
  • Министрлік сессия (креслоларға еркін түрде отырғызу);
  • Стратегиялық сессиялар (креслоларға еркін түрде отырғызу);
  • Панельді сессиялар (креслоларға еркін түрде отырғызу, үш спикерден артық емес);
  • Дөңгелек үстелдер;
  • Бірінші басшымен түскі ас форматында әңгіме жүргізу;
  • Энергетикалық диалогтар (бетпе-бет форматында жоғары лауазымды қонақтармен сұхбат жүргізу)
  • Energy Podcast (сала сарапшылары үшін азын-аулақ deep-dive сессиялар);
  • Тақырыптық таңертеңгі астар (СЕО-мен жоғары деңгейдегі таңертеңгі ас, ТНК үшін іскерлік таңертеңгі ас, дипломатиялық таңертеңгі ас, Digital таңертеңгі ас);
  • Саланың техникалық мамандары үшін практикалық семинарлар.
  • Қазақстан әріптестерінің күндері

2023 жылы Қазақстанның бірқатар елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары аталып өтеді (Бразилия, Еуропалық Одақ, Индонезия, Қатар, Кувейт, Словакия, Тәжікстан, Чехия және т.б.).

KEW-2023 шеңберінде Қазақстанда «Қазақстан әріптестерінің күндері» атты бір тақырыппен біріктірілген ауқымды іс-шара алғаш рет өтеді. Оқиға KAZENERGY қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, еліміздің әріптес елдерінің үкіметтері мен дипломатиялық миссияларының, сондай-ақ ҚР энергетикалық аясында жұмыс жасайтын компаниялардың бірлескен жобасы болмақ.

KEW-2023 алаңында екі жақты диалогтар ұйымдастырылады, энергетика саласында ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкіндіктер мәселелерді шешу жолдары талқыланады.

«Инвестициялық сенімділікті құру» тақырыбында қазақстандық облыстардың энергетикалық инвестициялық жобаларының презентациясы 

KEW-23 маңызды жобаларының бірі «Инвестициялық сенімділікті құру» тақырыбында энергетика саласындағы қазақстандық өңірлердің презентациялары болып табылады. Бұл Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуымен және олардың бірегей инвестициялық мүмкіндіктерімен, капиталды тарту үшін энергетика саласындағы әлеуетті мүмкіндіктерімен танысу үшін өзекті және көп функционалды алаң.

Еліміздің өңірлері бөлігінде мұнай-газ және энергетика саласында инвестициялық жобалардың презентациясы бірыңғай алаңда Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия аумағында және Каспий маңындағы мемлекеттерде алғаш рет ұйымдастырылатын болады.

KEW-23 шеңберінде ұсынылатын іс-шара еліміздің әр төңіріне инвестициялық диаолог шекараларын кеңейтуге және әр түрлі өңірлерде энергетикалық жобаларды қаржыландыруға қызығушылық танытқан жаңа инвесторларды тарту үшін қосымша әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, қазақстандық облыстар инвесторларға бүкіл ел бойынша ЖЭО стратегиялық кешендерінің желілерін жаңғыртуға қатысуды, термоядерлық энергетика мәселесін қамти отырып,  электр энергетикасында, заманауи көмір генерациясында, атом өнеркәсібінде өзекті жобаларды ұсына алады.

Іс-шараның басты қатысушылары еліміздің қалалары мен облыстарының әкімдіктері, қазақстандық және шетел компаниялар, халықаралық қорлар, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары мен ұйымдары, жеке инвесторлар болады. Бұл ретте қатысушылардың шектелген саны көзделеді.

Толығырақ:https://kazenergyforum.com/kz/kew-kef-2023-3/%d1%82%d2%b1%d0%b6%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%b0/

Басталу уақыты

03 қазан 2023

Соңғы күні

06 қазан 2023

Өткізу орны

Конгресс Центр EXPO, г. Астана

Оқиға түрі

Халықаралық форум