Қазақстан Республикасының Елшісінің Малайзия Денсаулық сақтау министрімен кездесуі туралы

2020 жылғы 29 шілдеде Куала-Лумпурда Елші Б.Иманбаев Малайзия Денсаулық сақтау министрі д-р Адхам бин Бабамен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан Елшісі коронавируспен күрес бойынша Малайзия Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды рөлін атап өтті.
Өз кезегінде, Министр екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің зор әлеуетін атап өтіп, мамандар арасында тәжірибе алмасуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Кездесудің нәтижесінде жуық арада қазақстандық әріптестерімен коронавирусқа қарсы тәжірибе алмасу мақсатында бейнеконференция өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.