Қазақстан Елшісі Малайзияның Аға министрі - Халықаралық сауда және индустрия министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Малайзияның Аға министрі - Халықаралық сауда және индустрия министрімен кездесті

2020 жылғы 30 маусымда Путраджая қаласында Елші Болат Иманбаевтың Малайзияның Аға министр – Халықаралық сауда және индустрия министрі және ел тарапынан үкіметаралық Бірлескен сауда-экономикалық комитетінің (БСЭК) төрағасы болып табылатын Мохамед Азмин Алимен кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Пандемияға дейін екіжақты тауар айналымының оң серпінін және 2019 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 643,8 млн. АҚШ долл. құрағанын атап өттім.

Жаңа жағдайдағы Қазақстан мен Орталық Азиядан АСЕАН-ға және Малайзиядан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдеріне және Еуропаға жүктерді тасымалдауды ұлғайтудың мүмкіндіктері туралы пікір алмастырылды. Қазақстан Орталық Азия, ЕЭО және Еуропа нарықтарына жол бойындағы малайзиялық тауарлар мен қызметтер үшін аймақтық өндірістік база және логистикалық хаб бола алатынын атап өттім. Сондай-ақ, Қазақстанда исламдық қаржыландыру мен халал индустриясын дамытудағы Малайзия тәжірибесін қолдану мәселелері талқыланды.

Б.Иманбаев сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелердің нақты және жүйелі түрде шешу мақсатында БСЭК шеңберінде құрылған жұмыс топтарының, сондай-ақ Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі аясында өзара іс-қимыл тетіктерінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде, Аға министр екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен әлеует және екіжақты өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерінің тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, COVID-19 пандемиясынан туындаған шектеу шаралары екі елде жойылғаннан кейін БСЭК-тің кезекті 4-ші отырысына қатысу мақсатында Қазақстанға баруға дайын екенін хабарлады.