Осы қызмет келесі азаматтарға көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – төлқұжат жоғалған/оның қолданылу мерзiмi өткен жағдайларда;
2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтары - олар Малайзияда/Брунейде туылған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар – азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;
4) Қазақстан Республикасында босқын деп танылған азаматтар – жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;
5) Қазақстан Республикасына келуге жарамсыз құжаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар - олар Қазақстан Республикасынан шығарылған, Қазақстан Республикасына экстрадицияланған жағдайларда.
Қажетті құжаттар:
1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың жоғалғаны туралы ішкі істер органдарынан анықтама;
3) екі түрлі түсті фотосурет (3,5х4,5 см.);
4) консулдық алымның төленгені туралы түбіртек – 10 АҚШ доллары. (Банк реквизиттері);
5) жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы (болған жағдайда), ал ол болмаған жағдайда – толтырылған сауалнама;
Қызмет көрсету мерзімі:
Жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған жағдайда - 2 жұмыс күні;
Жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған жағдайда - 10 жұмыс күні.
Консулдық бөлімге құжаттарды тапсыруға жазылу.