Меню

Страницы

Статья

Малайзияға кіру ережелері

Малайзияға 30 күнге дейін келетін ҚР азаматтарына виза қажет емес.

Саяхатқа шығарда келесі шарттарға назар аударыңыз:

  1. Паспорттың нақты мерзімі (шекарадан өткен сәтте 6 айдан кем емес)
  2. Паспорттың бос беттері екі парақшадан кем емес болуы

Паспорттық бақылау өткен кезінде осы құжаттарды көрсету қажет:

  1. Паспорт
  2. «MDAC» электронды көші-қон картасы (Малайзияға кіруге дейін ең көбі 3 күн бұрын немесе әуежайға келгеннен кейін осы сілтеме арқылы толтырылуы мүмкін). Малайзияда тұрақты тұруға рұқсаты бар (Malaysia Permanent Residence) қазақстандықтар көші-қон картасын толтырудың қажеті жоқ.  

Шекарадан өткен кезде Малайзияның көші-қон қызметтері келесі құжаттарды талап етуі мүмкін:

  1. Қайту билеті
  2. Қонақ үйдің броні
  3. Малайзияда болуға жеткілікті қаражаттының болуы

Малайзияға оқу курстарына келуді жоспарлаған азаматтар студенттік виза алу қажет (Студенттік визаны рәсімдеумен сіздің оқу орныңыз айналысуы қажет)


Малайзияда келесі қазақстандық ұйымдар бар:

  1. Kazakhstan Community in Malaysia
  2. Qazaq Students Community 
Дата публикации
10 апреля 2023
Дата обновления
10 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Қазақстан Республикасына кіруге арналған «QazETA» электрондық рұқсат жүйесі туралы
31 июля 2026
МАЛАЙЗИЯДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ТІЛ КУРСТАРЫНДА ОҚУ ТУРАЛЫ
21 апреля 2026
Малайзиядағы қазақ диаспорасы және студенттік қауымдастықтың байланыс деректері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары