Малайзияға ұшу алдында:
Foundation/бакалавриат/магистратура/PhD студенттері үшін:
1. Жоғары оқу орныңыздың және академиялық бағдарламаңыздың аккредитациясы бар-жоғын тексеріңіз:
2. Университетіңізден оқуға шақыруды (ұсыныс хатын) күтіңіз.
3. Студенттік виза рәсімін бастау үшін университетке барлық қажетті құжаттарды тапсырыңыз.
4. Әрі қарай университет сіздің құжаттарыңызды EMGS-ке тапсырады. Осы органның веб-сайтындағы жеке кабинет арқылы визаның ресімделу процессін тексеруге болады (мәртебе 70% жетсе студенттік визаға EMGS рұқсатын білдіреді).
5. Студенттік визаға алдын ала рұқсат алғаннан кейін, Малайзияға кіру рұқсатын алу үшін Қазақстандағы Малайзия Елшілігіне жүгіну қажет.
6. Малайзияға кіру рұқсаты алынғаннан кейін, билеттерді сатып алып, Малайзияға ұша аласыз.
Тіл курстары/жазғы лагерь студенттері үшін:
1. Сізге барлық құқықтар мен міндеттер, соның ішінде қаражатты қайтару шарттары көрсетілген келісім жасауды ұсынамыз.
2. Малайзияда тіл курстарында оқу үшін студенттік визаны алу керек (жоғарыдағы алгоритмді қараңыз).
Малайзияға келгеннен кейін:
Ұшып келгеннен кейін бірден International Student Arrival Centre (ISAC) тіркеу орнына баруыңыз қажет:
Маңызды: паспорттық бақылаудан өтпей тұрып ISAC-қа бару керек.
ISAC-та қызметкерлер құжаттарыңызды тексеріп, сізге көмектеседі. Одан кейін сізді иммиграция (паспорттық бақылау) бөліміне бірге алып барады.
Студенттер үшін арнайы жылдам (приоритет) кезек қарастырылған, сондықтан бақылаудан өту процесі тезірек жүреді.
Иммиграциядан өткеннен кейін сізді келу залына бағыттайды. Егер университет трансфер ұйымдастырса, сол жерде сізді университет өкілі қарсы алады.
Малайзияда оқу барысында:
1. Ориентациялық бағдарлама (Orientation) – бұл университет ұйымдастыратын таныстыру іс-шарасы.
Ол жаңа студенттерге университетпен, оқу жүйесімен және кампуспен танысуға көмектеседі.
Сондықтан оған университетке келгеннен кейін міндетті түрде қатысу қажет.
2. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімде тіркелуді ұсынамыз.
3. Өз студенттік визаныздың жарамдылығын тексеріңіз. Визаңыздың жарамдылық мерзімі туралы университетке алдын ала хабарлаңыз, себебі оны ұзарту үшін университет сіздің құжаттарыңызды Малайзия иммиграциялық органдарына алдын ала жіберуі керек. Визаны ұзарту 1-2 айға созылады.
Малайзияда келесі қазақстандық қоғамдық ұйымдар бар:
Малайзиядағы қазақ диаспорасының WhatsApp желісіндегі тобы
Қазақ диаспорасының жетекшісі:
Нишан Баян
Тел.: +6012-684-2090
Малайзиядағы қазақ студенттер қауымдастығының WhatsApp желісіндегі чаты
Байланыс тұлғасы:
Исабекова Акерке
Тел.: +7707-366-25-35
Оқуды бітіргеннен кейін:
1. Қажет болған жағдайда дипломыңызды келесі органдарда заңдастырыңыз:
1-қадам. Малайзия Жоғары білім министрлігі
Қажетті құжаттар:
- оқуды аяқтағаны туралы хат (құжат мерзімі – 6 айдан аспайды);
- студенттік визаның көшірмесі;
- диплом және академиялық транскрипт.
2-қадам. Малайзия Сыртқы істер министрлігі
3-қадам. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің консулдық бөлімі
2. Студенттік визаның күшін жою Малайзиядан кетер алдында міндетті рәсім болып табылады.
1-қадам. Төлқұжатыңызды университетіңіздің әкімшілігіне тапсырыңыз;
2-қадам. Университет сіздің төлқұжатыңызды Малайзия иммиграциялық органдарына тапсырады;
Визаның күшін жою мерзімі: шамамен 1 ай.