Қазақстан Елшісі Молдова Республикасының Премьер-министрімен кездесті

Ү.ж. 11 сәуірде Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Премьер-министрі Дорин Речанмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Ел ішіндегі және өңірдегі ағымдағы ахуал туралы пікір алмасты.
Қазақстандық дипломат Қазақстанда болып жатқан саяси, демократиялық және конституциялық реформалар, ү.ж. 19 наурызында өткен парламенттік сайлаудың нәтижелері туралы хабардар етіп, экономикалық басымдықтар мен өзара іс-қимыл перспективалары туралы айтып берді.
Үкімет Басшысы Қазақстандағы саяси өзгерістерді жоғары бағалады және әртүрлі салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға әзір екенін білдірді.
Тараптар сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықтың мәселелеріне, сондай-ақ аграрлық, логистика және цифрландыру саласындағы жобаларға ерекше назар аударды.