Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауында дауыс бере алады

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауында дауыс бере алады

2023 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтеді.


Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығындағы №301 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша07:00 – 20:00аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы:Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8 үй(ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығының ғимараты).


Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.