Мәскеуде Қазақстан мен Ресей мұсылман қауымдарының өзара іс-қимылы талқыланды

Мәскеу Соборлық мешітінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғардың Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасының орынбасары, мүфти және Мәскеу облысы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Рушан хазірет Аббясовпен кездесуі өтті.
Тараптар екіжақты диалогтың жай-күйі мен келешегін талқылады. Білім беру, ғылыми-теологиялық, тарихи-мәдени және қайырымдылық салаларында бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда іс жүзінде көрініс табатын Қазақстан мен Ресей мұсылмандарының көпжылдық тығыз байланыстары мен жемісті ынтымақтастығы атап өтілді.
Кездесуге қатысушылардың пікірінше, серіктестік қарым-қатынастар даму үшін айтарлықтай әлеуетке ие және шекаралас аймақтардағы мұсылман қауымдарымен өзара іс-қимылды дамыту дамушы бағыттардың бірі болып табылады.
Ершат Оңғар мен Рушан Аббясов көпғасырлық достыққа, тарихтың ортақ беттеріне және байланыстар мен қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына сүйене отырып, Ресей мен Қазақстан мұсылмандары қоғамдастығы бұдан да жақындай түсетініне және белгіленген барлық жобаларды іске асыра алатынына сенім білдірді.