Құжаттарды талап ету үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:
- Өтініш – 2 дана;
- Сауалнама – 4 дана;
- Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт) және 2 көшірмесі;
- Испанияда тұруға ықтиярхат/DNI/NIE көшірмесі – 1 дана;
- Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болса) - 2 дана;
- Консулдық алымтөленген «Banco Santander» түбіртек - 55 евро (құжатты талап ету – 25 евро, апостиль қою – 30 евро);
Құжаттарға "апостиль" мөрін қою үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:
- Өтініш- 2 дана;
- Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт) және 2 көшірмесі;
- Испанияда тұруға ықтиярхат/DNI/NIE көшірмесі – 1 дана;
- Апостиль қоюға жолданатын құжаттың түпнұсқасы;
- Консулдық алымтөленген «Banco Santander» түбіртек - 30 евро;
Өтініштер мен сауалнамалар түсінікті қолжазбамен немесе баспа әріптермен көгілдір сиямен шарикті қаламның көмегімен толтырылады.
Қажет болған жағдайда толық аты-жөнін өзгертуді растайтын құжат қосымша ұсынылады.
Қызмет көрсететін мерзім – 5 айға дейін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: азаматтарды қабылдау әр өтініш берушіге әр құжат бойынша алдын-ала жазылу арқылы қатаң түрде жүзеге асырылады.