Жалпы мәліметтер
1992 ж. 12 ақпан - Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылған күні.
1993 ж. ҚР-да Ауғанстан Елшілігі ашылды (2005 жылы Елшілік Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді). Алматы қаласында Ауғанстанның Бас консулдығы да жұмыс істейді.
2002 ж. Ауғанстанда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылды.
2003 ж. ҚР-ның Ауғанстандағы Елшілігі ашылды.
Ең жоғары және биік деңгейдегі сапарлар
Ауғанстан президенттері ҚР-на жеті рет сапар шекті (Х.Карзайдың 2004 жылғы 15-16 сәуірдегі және А.Ганидің 2015 жылғы 19-20 қарашадағы ресми сапарлары, сондай-ақ ЕҚЫҰ және АӨСШК саммиттеріне қатысу шеңберінде).
Ауғанстанның вице-президенттері мен атқарушы билік басшылары ҚР-на төрт рет аттанды (А.З.Масуд ресми сапармен 2007 жылғы 13-15 маусымда және ШЫҰ кездесуіне қатысу шеңберінде 2008 жылғы 30 қазанда, М.К.Халили 2014 жылғы 21-23 мамырда Астана экономикалық форумына қатысу шеңберінде, А.Абдулла 14 желтоқсанда2014 ж. ШЫҰ отырысына қатысу шеңберінде).
Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі С.Жұманғарин 2023 жылғы 15 сәуірде Қабыл қаласына ресми сапармен барды.
ҚР Сыртқы істер министрлері Ауғанстанға бес рет іс-сапармен барды (Қ.Саудабаев 2009 жылғы 22 қараша, 2010 жылғы 17 мамыр және 20 шілде, Е.Қазыхан 2012 жылғы 13 маусым және Е. Ыдырысов 2016 жылғы 24 қараша).
Парламентаралық ынтымақтастық
2012 жылы ИРА парламентінің төменгі палатасының спикері А.Ибрахими Ауған делегацияларының басында ҚР-на екі рет барды (14 наурыз – ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесі, 28-29 тамыз – «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» тақырыбында халықаралық конференция).
2013 жылғы 11-12 мамырда Ауғанстанға ҚР Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев бастаған парламенттік делегациясы келген болатын.
2013 жылғы 9-13 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісі басшылығының шақыруымен Қазақстанда Ауғанстан Парламентінің төменгі палатасының екінші вице-спикері С.Сальджуки бастаған Парламенттің төменгі палатасының делегациясы болды.
2015 жылғы 14-17 маусымда Ауғанстан Парламентінің төменгі палатасының делегациясы құрамында әйелдер мен балалар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ш.П.Ахмади мен бюджет жөніндегі комиссия мүшесі Б.М.Джаузджани Астана қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты.
2016 жылдың 31 мамырынан 1 маусымына дейін Ауғанстан парламентінің мүшесі С.Сальджуки Терроризмге қарсы діндер халықаралық конференциясына және Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының отырысына қатысты.
2016 жылғы 26-27 қыркүйекте Ауғанстан Парламенті Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы А.Паштун Астана қаласындағы Ғылым технологиялар және инновациялар мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумына қатысты.